СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕР АТАЛЫП ӨТТІ

Жарияланды: 17 маусым, 2019 04:14

Сырдария ауданында мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау саласы органдары қызметкерлерінің және медицина саласы мамандарының кәсіби мерекелері аталып өтті.

Салтанатты шараға аудан әкімі Ғ.Қазантаев, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы А.Мұхимов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Аудан басшысы әрбір мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын іске асыратын қызметкерлер екенін айтып, мемлекеттік қызметшілер жұмыста, қарапайым өмірде өзгелерге үлгі болуы тиіс деді. Сонымен бірге, бүгінде құқық қорғаушыларға қойылатын талап пен жауапкершілік күшейтілгеніне тоқталып, қоғам тыныштығы құқық қорғау саласы мамандарының қажырлы жұмысына тікелей байланысты екенін атап өтті. Ақ халатты абзал жандарға жүктелген міндет пен жауапкершілікке назар аударып, алдағы уақытта медицина сала мамандары сырқат жандардың дертіне дауа, ауруына шипа тауып, жемісті еңбек ете беруіне тілектестігін білдірді.

Өз кезегінде Департамент басшысы А.Мұхимов маусым айындағы кәсіби мерекелерді біріктіріп атап өтіп жатқан сырдариялықтардың тәжрибесіне оң баға беріп, сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Іс-шарада сала мамандары аудан әкімінің "Алғыс хатымен", Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысының "Дипломымен" марапатталды.

Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары әннен шашу шашты. Сонымен бірге, дәстүрлі велошеру ұйымдастырылды. Велошеруге қатысушылар кенттің негізгі көшелері арқылы "Қызылорда-Жалағаш" автожолының бойындағы демалыс саябағына дейін жүріп өтті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 328

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты