СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КӨПІР САЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды: 05 ақпан, 2018 09:31

Көпір салу – сауапты іс, халыққа берері мол игілікті жұмыс. Бұл бағытта Сырдария ауданында үлгілі үрдіс қалыптасқан. Соңғы жылдары ауданда көпір құрылыстары қарқынды жүргізілді. Бәрімізге белгілі,«Ғасыр жобасы» аталып кеткен Сырдария өзенінің көпір құрылысы 2014 жылы аяқталып, пайдалануға берілді. Бүгінде аталған көпір аудан орталығы мен шалғай ауылдарды байланыстырып, сауда-экономикалық жұмыстардың артуына ықпалын тигізуде. Сонымен бірге, 2015 жылы аудандық бюджет есебінен 150,0 млн.теңгеге Тереңөзек кенті И.Тоқтыбаев көшесіне «Әйтек» каналына көпір салынды. Тереңөзек кентінде «Майжарма» деген канал бар. Аталған каналдың тұсындағы Б.Момышұлы көшесінде 130-ға жуық отбасы тұрады. Көше тұрғындарының көпірге қатысты мәселесі бюджет қаражатынсыз-ақ шешілді. Құны 25,0 млн.теңге болатын жаңа көпір салынып, бірлікпен, ынтымақпен, ел азаматтарының ауызбіршілігімен тұрғындардың өтініші қанағаттандырылды. Көпір асарлатып салынды. 2017 жылы облыстық бюджет есебінен Бесарық елді мекеніне кіреберіс жолындағы «Жаңадария» каналына көпір салуға 124 млн.теңге бөлінді. Жұмыстар 2018 жылы аяқталады. 2018 жылға «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автожолындағы екі көпірді күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 100 млн.теңге бөлінді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 200

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

17 тамыз 2018

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ...

16 тамыз 2018

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ «САМҰРЫҚ ҚАЗЫНА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ АХМЕТЖАН ЕСІМОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ «САМҰРЫҚ ҚАЗЫНА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ АХМЕТЖАН ЕСІМОВТІ ҚА...

15 тамыз 2018

ЖАСТАР – ЕЛ ЕРТЕҢІ

ЖАСТАР – ЕЛ ЕРТЕҢІ...

14 тамыз 2018

МЕРЕЙЛІ МЕРЕЙТОЙ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

МЕРЕЙЛІ МЕРЕЙТОЙ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты