СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА "ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ" АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТ

Жарияланды: 01 желтоқсан, 2018 09:20

"1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні" мерекесіне орай Сырдария ауданында салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты шарада ең алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мамандар салтанатты түрде ант қабылдады.

Мұнан соң аудан əкімінің міндетін атқарушы Б.Лекеров құттықтау сөз сөйледі.

- Халқымызда «Тарихты тұлғалар жасайды» деген сөз бар. Әр ұлттың өзіндік тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалар болады. Олар қаншама уақыт өтсе де сол ұлттың данасы ретінде санаға бекіп, адамзаттың ортақ азаматына айналады. Бұл ретте, егемен Қазақстанның негізін салудың және нығайтудың тарихи миссиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елі сүйген Елбасы барша қазақстандық мойындаған және халықаралық қоғамдастық тарапынан зор құрметке ие болған кемеңгер тұлға. 1 желтоқсан – біздің тарихымыздың жаңа ақ парағы ашылған күн. Тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген Ұлт Көшбасшысы 1 желтоқсанда ел тізгінін ұстады,-деді аудан əкімінің міндетін атқарушы.

Шара барысында ауданның əлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан сала мамандарын аудан әкімінің "Алғыс хатымен" марапаттады.

Сонымен қатар, Елбасының ел дамуы жолындағы еңбегі туралы деректі фильм көрсетіліп, аудан өнерпаздарының мерекелік ән шашуымен қорытындыланды.

Сырдария ауданы əкімінің баспасөз қызметі

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 29

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

14 желтоқсан 2018

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ...

14 желтоқсан 2018

АУДАНДЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

АУДАНДЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ...

13 желтоқсан 2018

Тереңөзекте сән салоны ашылды

Тереңөзекте сән салоны ашылды...

12 желтоқсан 2018

ҚЫЗЫЛОРДАДАҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДАҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты