СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Жарияланды: 11 қаңтар, 2018 06:21

Бүгін Сырдария ауданы әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістің хатттамалық тапсырмасына сәйкес облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен әдістемелік семинар өтті. Әдістемелік семинарға кент және ауылдық округ әкімі аппаратының, дербес бөлімдердің заңгерлері, мемлекеттік сатып алу жұмыстарымен айналысатын мамандары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Әдістемелік семинарды аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов ашып, жүргізіп отырды. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарының жүргізілу барысы туралы кеңінен айтып өткен аудан әкімінің орынбасары алда тұрған мақсат-міндеттерді атап өтті. Сонымен бірге, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының тауарларды мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы О.Ержанов баяндама жасап, арнайы әзірленген слайдты көрсетті. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізудегі өзгерістер қағаз айналымын азайтатынын және еңбек өнімділігін арттыратынын жеткізді. Құқықтық кеңестер беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Әдістемелік семинарды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дәуітбекұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізген облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының өкілдеріне алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 259

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

22 маусым 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІНЕ АРНАЛ...

22 маусым 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 66 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 66 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ...

21 маусым 2018

ЦИФРЛАНДЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ

ЦИФРЛАНДЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты