СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА БИЛЕР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛАДЫ

Жарияланды: 13 наурыз, 2019 12:39

Сырдария аудандық сотының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында Билер кеңесін құру бойынша жиын өткізілді.

Жиынға Сырдария аудандық сотының төрағасы Абдулла Абдрахман, аудан әкімінің орынбасары Байдушев Димаш, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауылдық округ әкімдері, медиаторлар және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараны аша келе, аудандық соттың төрағасы А.Абдулла, Билер кеңесі азаматтық дау-дамайларды шешіп, істі сотқа дейін жеткізбей әрекет ете алатынын жеткізді. Сонымен бірге ол «Ел ішінде беделі салмақты, аузы дуалы қариялар бар,  бұрын мемлекеттік қызметте болған, қазір зейнеткерлік жаста жүрген ел ағалары, ауыл ақсақалдарынан билер кеңесін құрып, халық арасында орын алатын дау-дамайларды реттеп, бітімгершілікке шақырып отырса» - деген ұсынысын білдірді.

Жиында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбенов дауларды сотқа дейінгі реттеудің маңыздылығын айта келе, Билер кеңесін құру бастамасын құптайтындықтарын жеткізді.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 32

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

20 наурыз 2019

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі...

20 наурыз 2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты