СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА АСАР ӘДІСІМЕН КӨПІР САЛЫНУДА

Жарияланды: 02 қараша, 2018 12:12

Көпір салу – сауапты іс. Соңғы бес жылда Сырдария ауданында көпір салудың өзіндік үлгісі қалыптасты.

Мәселен, қазіргі таңда аудан орталығы Тереңөзек кентіндегі Қазақ көшесінен асар әдісімен көпір салынуда. Аталған игі іске аудан жұртшылығымен қатар көше тұрғындары да атсалысуда.

Тереңөзек кентіндегі Қазақ көшесі тұрғындарының өтініші бюджет қаражатынсыз-ақ шешімін табуда. Бұл аудан халқының ынтымақ-бірлігінің белгісі.

Қазақ көшесіндегі көпір құрылысын жүргізуге аудан көлеміндегі мекеме басшылары мен қызметкерлері де өз үлестерін қосуда.

Атап айтқанда, Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесі қажетті техникалармен қамтамасыз етуде.

Қазіргі таңда жұмыстардың 50-60 пайызы аяқталған. Аудан тұрғындарының бірлігін, ауызбіршілігін, ынтымағын көрсететін асар әдісімен салынған көпір жақын күндері пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 35

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты