СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Жарияланды: 04 наурыз, 2019 11:41

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін "Алғыс айту күні" Сырдария ауданында жыл сайын мерекелініп келеді. Кеше аудандық Достық үйінде аудан әкімдігінің қолдауымен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен арнайы іс-шара өтті.

Іс-шараға тілі басқа, тілегі бір, жүзі басқа, жүрегі бір өзге ұлт өкілдерімен қатар, үкіметтік емес ұйым төрағалары, ардагерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған іс-шарада аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Мырзахметова қатысушыларды "Алғыс айту күні" мерекесімен құттықтап, аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады.

– Сіздерді «1 наурыз – Алғыс айту күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлет басшысы Н.Ә.Назарбаев 1 наурызды «Алғыс айту күні» деп жариялағаннан бері аталған мереке елімізде кең көлемде аталып өтілуде. Бұл мереке – ізгіліктің нұры, бірлік пен татулықтың нышаны. Алғыс айту күні – халықтың бірлігін, өзара сенімділігі мен құрметінің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатын айшықтайтын айтулы мереке. Бұл күн – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этностардың құт сыйлаған қасиетті мекені мен кеңпейіл қазақ халқына деген терең тағзымының белгісі іспетті,- деді бөлім басшысы өз сөзінде.

Шуақты мерекеде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, "Сырдария ауданының әйелдері" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жаналиева, медицина саласының ардагері, кәріс ұлтының өкілі Кан Мила сөз сөйлеп, мерекеге орай кездесуді ұйымдастырған атқарушы билік өкілдеріне алғыстарын айтты.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 54

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

20 наурыз 2019

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі...

20 наурыз 2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты