Сырдария ауданында 16,4 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді

Жарияланды: 27 желтоқсан, 2018 05:33

Сырдария ауданында биылғы жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 5,2 млрд. теңгені құрап, 16,4 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.
Ағымдағы жылы Қалжан Ахун ауылындағы тұтынушы тұрғын үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылыс жұмыстарын аяқтауға республикалық және облыстық бюджеттен 171 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталып пайдалануға берілді.
Биыл облыстық бюджет есебінен 55,8 млн. теңгеге И.Тоқтыбаев, Жеңістің 50 жылдығы көшелері орташа жөнделді.

Өткен жылы басталған Ақжарма елді мекеніндегі электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарды аяқтауға облыстық бюджеттен қосымша 50 млн. теңге бөлінді. Ақжарма ауылында биылдың өзінде құны 192,0 млн теңгені құрайтын жаңадан спорттық сауықтыру кешені мен жалпы құны 137,9 млн. теңге болатын дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі автожолындағы екі көпірге облыстық бюджеттен 100 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады күтілуде. Былтыр құрылысы басталған құны 239,43 млн.теңге құрайтын Бесарық елді мекеніне кіреберіс жолы үшін «Жаңадария» каналы арқылы өтетін автожол көпірінің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 271

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

20 наурыз 2019

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі

Қазақстанның даму жолы өзгелерге үлгі...

20 наурыз 2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты