Сырдария ауданы Шаған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Е-G-3 санаты)

Жарияланды: 16 шілде, 2019 11:50

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 120600, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі  31 үй, анықтама үшін байланыс телефондары: 8(724)-36-22519, электронды пошта  syr_kadr@mail.ru «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс  жариялайды: 

        Сырдария ауданы Шаған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Е-G-3 санаты, 1 бірлік, индекс №31-1-2). Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 69903 теңгеден 94148 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).

НЕГІЗГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

     1. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары мен Қазақстан Республикасының Заңдарының, Үкімет Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

     2. Әкім аппараты жұмысын үйлестіру.

     3. Кадрлармен жұмыс.

   4. Ауыл әкіміне қызметкерлерді марапаттау және оларға тәртіптік шара көру туралы ұсыныс енгізу.

     5. АХАЖ қызметіне байланысты жұмыстар.

     6. Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабін, электронды тізілім деректерін жүргізу.

     7. Статистикаға қатысты жұмыстар.

     8. Ономастика мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізу.

     9. Көші-қон және демография жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

    10. Мәдени көпшілік іс-шараларды үйлестіру.

    11. Мерзімі аяқталған құжаттардың сақталуын, мұрағатқа өткізілуін ұйымдастыру.

     12. Елбасының халыққа Жолдауын түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізу.

     13. Ауылдық округі әкімінің ауылдық округ көлеміндегі мемлекеттік мекемелермен байланысын үйлестіру.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ  ТАЛАПТАР:

    Білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (мұнай газ ісі, құрылыс) немесе қызмет көрсету (туризм) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білім беру немесе құқық немесе қызмет көрсету, экономика және басқару (әлеуметтік жұмыс, туризм, экономика, қаржы, есеп және аудит) немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жұмыс тәжірибесі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Құжаттар қабылдау мерзімі – 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

         ЖАЛПЫ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы
№ 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Қағида)
2-қосымшаға  сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);
 

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (нысаны қоса беріледі);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

        3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

        Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

       Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін  ұсыну талап етілмейді.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

      Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

    Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

          Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индекс 120600, Сырдария ауданы ауданы, Тереңөзек кенті,А.Құнанбаев көшесі №31 үй, 1-қабатта өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне,
не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Категория: Бос жұмыс орындары
Көргендер: 143

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

21 тамыз 2019

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасынан ҮЗІНДІ (21.08.2019)

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссия...

20 тамыз 2019

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ СЫР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН АЛҒЫС АЙТТЫ

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ СЫР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН АЛҒЫС АЙТТЫ...

20 тамыз 2019

2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ...

19 тамыз 2019

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛГЕН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖӘНЕ ӘҢГІМЕЛЕСУДІ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛГЕН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖӘНЕ ӘҢГІМЕЛЕСУДІ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ...

16 тамыз 2019

«Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы («Е-G-3» санаты, 1 бірлік, индекс №20-1-3).

«Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы («Е-G-3» санаты,...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты