Сырдария ауданы әкімінің орынбасары (санаты E-1)

Жарияланды: 11 қараша, 2019 18:39

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Сырдария ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары 

E-1 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;           

         Жұмыс тәжірибесі:

         1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

        3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

       4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

       5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес.  

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді. 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

(экологиялық коэффициентті есепке алмағанда), тнг.: 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

мax

E-1

150 778

203 161

 «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120600, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі 31 үй ғимараттың 1 қабатында, анықтама үшін телефондары: 8 /72436/ 22519, электронды пошта syr_kadr@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Сырдария ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды: 

Сырдария ауданы әкімінің орынбасары (санаты E-1, индекс №01-1, 1 бірлік).

 

Негізгі функционалдық міндеттері:

1.Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамалық және заңға тәуелді актілердің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардын нормативтік құқықтық кесімдердің іске асырылуын қамтамасыз етеді.

2.Аудан әкімі қалыптастыратын міндеттерді іске асыруды қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды.

3.Өзінің құзыреті шегінде аудан әкімі мен аудан әкімдігі нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуді және келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады.

4.Ауданның әлеуметтік - экономикалық даму бағдарламасының орындалуы. Аудандық бюджетті жоспарлау және атқару.

5.Салық төлемдері. Электр қуатымен қамтамасыз ету. Сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесі. 6.Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын және елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау. Туризм.

7. Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желiсiн, елдi мекендердiң көшелерiн, коммуналдық меншігіндегі жол кәсіпорындарын басқару.

8.Ауданда жолаушылардың және жүктердің тұрақты автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру. 9.Автомобиль көлігінде қызмет көрсету сапасын арттыру.

10.Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

11.Ауданда тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмыстардың орындалуын бақылау.

12.Аудан көлемінде құрылыс жұмыстардың тиісті орындалуын қадағалау.

13.Құрылыс жұмыстарының  техникалық – экономикалық негіздемелер мен жобалау - сметалық құжаттамалардын әзірлеу және атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі мен сапасы жобалау - сметалық құжаттамаларға сәйкестігін қадағалау.

14.Сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерін тиісті қалпында сақтау және тиімді пайдалану бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу, оны іске асуын  қамтамасыз ету.

15.Ауданның коммуналдық объектілерін жылу маусымына дайындық іс – шаралары.

16. Коммуналдық қалдықтарды жинау, шығару және сақтау. Аудандағы коммуникация қызметінің жағдайы.

17.Ауданда өнеркәсіптің дамуы.

18.Жолаушылар және жүктерді тасымалдау.

19.Өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарап, олар бойынша қажетті іс - қимылдар жасайды.

20.Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудандық дербес бөлім басшыларының және кент, ауылдық округтер әкімдерінің қызметін бақылау, оларға тиісті тапсырмалар беру.

21.Өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдар мен және өзге де жеке, заңды тұлғалармен өзара іс-қмыл жасайды.

22.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарап, олар бойынша қажетті іс-қимылдар жасайды.

23.Азаматтармен жеке қабылдау өткізеді.

24.Өз саласы бойынша аудандық дербес бөлім басшылары мен кент және ауылдық округтер әкімдерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық әрекеттері үшін дербес жауаптылықта болады.

25.Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.   

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) немесе техникалық ғылымдар, және технологиялар (мұнай газ ісі, құрылыс, электр энергетикасы) немесе қызмет көрсету (туризм) немесе құқық мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

Құжаттар қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысан қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Сырдария ауданы әкімінің аппараты, А.Құнанбаев көшесі 31 үй ғимараттың 1 қабатында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Категория: Бос жұмыс орындары
Көргендер: 145

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

06 желтоқсан 2019

Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі (Е-R-3 санаты, 1 бірлік, №01-1-4)

Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлім...

04 желтоқсан 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ВОЛЕЙБОЛДАН СПОРТ БАСҚАРМАСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ВОЛЕЙБОЛДАН СПОРТ БАСҚАРМАСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!...

04 желтоқсан 2019

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ...

04 желтоқсан 2019

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ...

04 желтоқсан 2019

А.ШПЕКБАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ

А.ШПЕКБАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты