Сырдария ауданы – бірінші орында

Жарияланды: 04 ақпан, 2020 11:02

Қай ауданның даму динамикасы жоғары? Осы сұрақпен республикалық «Халық» газеті басылымның электронды сайтында ашық дауыс беру тетігін іске қосты. Қаңтар айының 21-і күні басталған дауыс беруге ел тұрғындарының барлығы қатыса алады.

Республикалық басылым оқырмандарының дауыс беруі бойынша әзірге  Сырдария ауданы көш бастап тұр. Білікті басшы, іскер ұйымдастырушы Руслан Рүстемов басқаратын ауданның даму қарқыны жоғары деп 1204 азамат дауыс берген. Бұл барлық дауыстың 30 пайызын құрайды. Екінші орында 867 дауыспен айдынды Арал ауданы тұрса, үздік үштікті 743 дауыс жинаған қазыналы Қазалы ауданы қорытындылған. Ал 486 оқырман дауыс берген Жалағаш төртінші орынға тұрақтаса, бесінші және алтыншы орындарды Қармақшы мен Шиелі аудандары иеленген. Қызығы сол, халқының саны Сырдария ауданынан екі есеге көп Жаңақорған ауданы небәрі 3 пайыз дауыс жинаған.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 11

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты