СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ВОЛЕЙБОЛДАН СПОРТ БАСҚАРМАСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!

Жарияланды: 04 желтоқсан, 2019 07:56

 СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ВОЛЕЙБОЛДАН

СПОРТ БАСҚАРМАСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!

Бүгін "Мұз айдыны" спорт кешенінде облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы басшысының бастамасымен
спорт саласы қызметкерлері арасында волейболдан басқарма кубогы өтті.

Жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 12 команда 200-дей сала қызметкерлері сынға түсіп, үздіктер анықталды.

Мақсаты - ұжым қызметкерлерін дене шынықтыру жəне спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Нəтижесінде финалда Сырдария мен Арал ауданының командалары кездесіп, 2:0 есебімен басқарма кубогын сырдариялықтар иеленді.

Былтырғы жылы бірінші орынды иеленген Арал ауданы биыл екінші орыннан көрінді.

Үшінші орын үшін кездесуде спорт басқармасының жігіттері "Намыс" командасын 2:1 есебімен ұтып, 3-орынды еншіледі.

Айта кетейік, сала қызметкерлері арасында бұған дейін шағын-футбол жəне қазақ күресінен жарыстар өткізілген болатын.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 145

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты