Сырдария аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі, (Е-R-3 санаты)

Жарияланды: 16 шілде, 2019 13:18

 

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 120600, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі  31 үй, анықтама үшін байланыс телефон/факс: 8(724)-36-22519, электронды  пошта  syr_kadr@mail.ru «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға Сырдария ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

Сырдария аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі, (Е-R-3 санаты, 1-бірлік, №20-1-1-1) Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 96907 теңгеден 129920 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).

НЕГІЗГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

 1.Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс, аудан әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

2.Өз құзыреті шегінде сектордың қызметін үйлестіреді;

3.Ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын жүргізеді;

4.Облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;

5.Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру; 
6.Мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

7.Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

8.Уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;

9.Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

10.Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;

11.Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну;

12.Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;

13.Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу; 

14.Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

    ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР:

Ветеринария мамандығы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ КЕЛЕСІ ТАЛАПТАРДЫҢ БІРІНЕ СӘЙКЕС БОЛУЫ ТИІС:       

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

 2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік
30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

       Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

        Құжаттар қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

      Құжаттар «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индекс 120600, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі  31 үй ғимараттың 1 қабатында, электронды  пошта  syr_kadr@mail.ru, мекен-жайы бойынша қабылданады.

      Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

      Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі №31 үй, ғимараттың 1 қабатында өтеді.

    Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

      Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

      Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

 

 «Сырдария ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

конкурстық комиссиясы

 

Категория: Бос жұмыс орындары
Көргендер: 304

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

06 желтоқсан 2019

Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі (Е-R-3 санаты, 1 бірлік, №01-1-4)

Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлім...

04 желтоқсан 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ВОЛЕЙБОЛДАН СПОРТ БАСҚАРМАСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ВОЛЕЙБОЛДАН СПОРТ БАСҚАРМАСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!...

04 желтоқсан 2019

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ...

04 желтоқсан 2019

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ...

04 желтоқсан 2019

А.ШПЕКБАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ

А.ШПЕКБАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты