Сырдария аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық Достық үйінде дөңгелек үстел өтті

Жарияланды: 07 тамыз, 2019 03:55

 Сырдария аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық Достық үйінде «Медиация ата-бабамыздан келе жатқан билер институтының жалғасы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

Іс-шараға Сырдария аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Жарас Жолдасов, аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев, аудан прокуроры Е.Алмазұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы Е.Сағидуллаұлы, кәсіби емес медиаторлар, «Билер кеңесінің» мүшелері және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстелді» Сырдария аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Жарас Жолдасов ашып, медиация - қазақ даласында ғасырлар бойы елдің тыныштығы мен татулығын сақтай отырып, жазалау шарасына қарағанда - бітімгершілік рөлін атқарған билер институтының жалғасы екенін атап өтті.

Елімізде «Медиация туралы» заң 2011 жылғы 28 қаңтарда қабылданып, 5 тамыз 2011 жылы заңды күшіне енді. Осы Заңға сәйкес медиация – ол тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі болып табылады. Медиация институты тараптар арасында туындаған дауларды бітімгершілік жолымен шешу және соттарда қаралатын істердің жүктемелерінің азаюына ерекше әсер ететіндігін де атап өтті.

Сонымен қатар, кездесуде ауылдық округ әкімдіктері жанындағы кәсіби емес медиаторлар өздерінің қызметін жүзеге асыру барысында кездесетін мәселелерін көтеріп, тәжірибелерімен бөлісті.

Жиын соңында сот төрағасының міндетін атқарушы  Ж.Жолдасов Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының жүзеге асырылуына қосқан елеулі үлестері мен абыройлы еңбектері үшін Сырдария ауданы бойынша кәсіпқой емес медиаторларды мерекелерімен құттықтады.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 152

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты