СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды: 22 қазан, 2018 02:57

Сырдария аудандық сотының төрағасы Абдрахман Абдулла сот қызметкерлерімен  2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы Жолдаудың келесі басымдықтары бойынша, яғни сот жүйесін, құқық қорғау органдарын  және мемлекеттік органдардың  жұмысын әрі қарай жаңғырту жөнінде айтып өтті.

Сот жүйесін жаңғырту бойынша Жолдауда айтылған үш міндетке тоқталып, сот жұмысының заманауи форматтарында және озық электронды сервистер енгізу, сот жүйесінің сапалы дамуын және кадрларының жаңаруын қамтамасыз етіп, үздік заңгерлерге судья болуға ұмтылатындай жағдай жасау, әсіресе, бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы сот арқылы шешілетін дау-дамайды қарау кезінде түсінікті әрі болжамды сот тәжірибесі керек екендігін және судьяларға заңсыз ықпал ету мүмкіндіктерін жою қажет деп айтылды деді.

Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы А.Абдулла сот қызметкерлеріне сот жүйесін жаңғырту барысында табыс пен жемісті еңбек тіледі.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 49

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты