Сырдария аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (Е-R-4 санаты)

Жарияланды: 08 қазан, 2019 14:14

 

Жалпы конкурс

                   Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

     E-R-4 санаты үшін: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

     Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

     Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

     Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

         "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

(экологиялық коэффициентті есепке алмағанда), тнг.:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

мax

E-R-4

95 245

128 834

 

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 120600, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі  31 үй, анықтама үшін байланыс телефондары: 8(724)-36-22519, электронды пошта  syr_kadr@mail.ru  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы  конкурс жариялайды:

Сырдария аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (Е-R-4 санаты, 1-бірлік, №20-1-2).

НЕГІЗГІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:

    1.Бөлімге қатысты мемлекеттік сатып алу (ғимараттардың құрылысын салу, күрделі жөндеу және жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарын сатып алу;

    2. Білім ұйымдарына оқу және робототехника кабинеттерін сатып алу, оқу құралдарын жеткізу қызметін сатып алу; тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және (немесе) ғылыми реставрациялау жұмыстарын сатып алу;    

   3.Елді мекендерді сумен қамтамасыз етілуін жақсарту мақсатында су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу, көпірлер салу жұмыстарын сатып алу;   

   4.Аграрлық техникалар мен технологияларды, мал шаруашылығы бойынша вакциналарды, жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған препараттарды сатып алу;

   5.Инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымын салу, электрмен және жылумен жабдықтау, жаңарту және газ тарату желілерін салу және абаттандыру жұмыстарын сатып алу;

   6.Ақпараттық технология құралдарын, серверлерді сатып алу; медицина саласындағы препараттарды, дәрі-дәрмектерді сатып алу;

   7.Автокөлікті пайдалану, жеткізіп беру және жүк қозғалысы мен тасымалдау қызметін сатып алу;

   8.Жылжымайтын және жылжымалы мүліктерді бағалау қызметтерін сатып алу, кадастырлық жұмыстарды және қызметтерді сатып алу, конференция, форум іс - шараларын өткізу қызметін сатып алу) конкурстарын сала бойынша нормативтік-құқықтық актілерде көзделген мерзімде мемлекеттік сатып алу «Веб-порталында» жариялануы мен өткізілуін қамтамасыз етеді;

  9. Бөлімге қатысты мемлекеттік сатып алу (ғимараттардың құрылысын салу, күрделі жөндеу және жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарын сатып алу;

  10.Білім ұйымдарына оқу және робототехника кабинеттерін сатып алу, оқу құралдарын жеткізу қызметін сатып алу;

  11.Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және (немесе) ғылыми реставрациялау жұмыстарын сатып алу;

  12.Елді мекендерді сумен қамтамасыз етілуін жақсарту мақсатында су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу, көпірлер салу жұмыстарын сатып алу; аграрлық техникалар мен технологияларды, мал шаруашылығы бойынша вакциналарды, жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған препараттарды сатып алу;

   13.Инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымын салу, электрмен және жылумен жабдықтау, жаңарту және газ тарату желілерін салу және абаттандыру жұмыстарын сатып алу;

   14.Ақпараттық технология құралдарын, серверлерді сатып алу; медицина саласындағы препараттарды, дәрі-дәрмектерді сатып алу; автокөлікті пайдалану, жеткізіп беру және жүк қозғалысы мен тасымалдау қызметін сатып алу;   

   15.Жылжымайтын және жылжымалы мүліктерді бағалау қызметтерін сатып алу, кадастырлық жұмыстарды және қызметтерді сатып алу, конференция, форум іс - шараларын өткізу қызметін сатып алу) бойынша конкурстық комиссияның жұмыстарын заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырады;

   16. Бөлімге түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің мерзімінде қаралып, оның шешілуіне бақылау жасайды.

   17. Ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар бойынша және оларға қарасты мекемелермен өткізілген мемлекеттік сатып алулардың заңнама талаптарына сай өткізілуіне тәлімгерлікті жүзеге асырады.

  18. Ақпараттық коммуникациялық байланыс жүйесімен жұмыс жасайды.

  19. Мемлекеттік сатып алуларға байланысты Веб –портал және тиісті Веб сайттармен жұмыс жасайды.

 

                  КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР:  

 

        Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік жергілікті басқару, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы) немесе құқық (құқықтану) немесе техникалық ғылымдар және технология (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғару оқу орнынан кейінгі білім.

       Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі қызмет көрсету, экономика және басқару (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы) немесе құқық (құқықтану) немесе байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар (есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) мамандықтары немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 

       Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Құжаттар қабылдау мерзімі – 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Қағида) 2-қосымшаға  сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (нысаны қоса беріледі);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы
11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

     1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Сырдария ауданы әкімінің аппараты, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі, №31 үй, 1-қабатта өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Категория: Бос жұмыс орындары
Көргендер: 56

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты