«Сырдария аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы («E-R-1» санаты)

Жарияланды: 08 қазан, 2019 14:13

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін
барлық мемлекеттік органдардың  мемлекеттік қызметшілері арасындағы

 ішкі конкурс

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

E-R-1 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

 

     Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы
21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

(экологиялық коэффициентті есепке алмағанда)

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-R-1

142412

192382

 

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 120600, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі 31 үй, анықтама үшін байланыс телефон/факс: 8(724)-36-22519, электронды  пошта syr_kadr@mail.ru  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін барлық мемлекеттік органдардың  мемлекеттік қызметшілері арасындағы  ішкі конкурс жариялайды: 


«Сырдария аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы
(«E-R-1» санаты, 1 бірлік,  индекс №09-1):

 

Негізгі функционалдық міндеттері:

1.Қазақстан Республикасы Заңдары, ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, облыс және аудан әкімдігінің қаулылары, шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының, бақылауда тұрған құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді.

2.Аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы тапсырмаларын орындайды.

3.Аудан әкімдігінің қаулылары мен аудан әкімінің шешімдерін әзірлеуді, оларды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануын және әділет органдарына тіркелуін қамтамасыз етеді.

4.Облыстық білім басқармасы мен аудан әкімі аппараты тарапынан сұратылған ақпараттар бойынша жұмыс жасайды және орындалуын қамтамасыз етеді.

5.Білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағытында бөлімнің жұмысын ұйымдастырады.    

6.Мемлекеттік білім беру стандартының сақталуына бақылауды ұйымдастырады.

7.Ауданның білім жүйесінің дамуы мен жұмыс істеуіне негізделген жергілікті басты құжаттарды жасауға, білім саласы мәселелеріне қатысты құжаттарды жүзеге асыру жұмыстарына басшылық жасайды.

8. Бөлімнің қаржылық, материалдық - техникалық қамтамасыз ету жағдайына және жұмыстарына жалпы басшылық жасайды.

9. Бөлім  мамандарының жұмысын басқару, оларға бұйрықтар, нұсқаулар беру, жалпы жұмысын бақылау.   

10.Аудан әкімдігінің мәжілісіне қажетті құжаттар әзірлеу.

11.Аудан бойынша білім саласына байланысты жұмыстарды үйлестіру.

12.Білім мекемелерінің қаржылық, материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары, кадрлық мәселелер бойынша, марапаттау мәселелері, аттестациялау комиссиясының жұмысына басшылық, азаматтарды қабылдау жасайды, арыз - шағымдармен жұмыс жасайды.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе жаратылыстану ғылымдары мамандықтары бойынша жоғары білім.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады. Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі, 31 үй мекен жайында орналасқан «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1 қабатында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Категория: Бос жұмыс орындары
Көргендер: 531

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты