Сырдария аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы (E-R-4 санаты)

Жарияланды: 11 қараша, 2019 11:48

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Сырдария ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: 

E-R-4 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; 

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді. 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

(экологиялық коэффициентті есепке алмағанда), тг.:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E- R -4

95 246

128 834

 «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индекс 120600, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі  31 үй ғимараты, электронды  пошта  syr_kadr@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Сырдария ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды: 

 Сырдария аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы (E-R-4 санаты, 1 - бірлік №12-1-2).

Негізгі функционалдық міндеттері:

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс, аудан әкімдерінің нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

2.Субсидияланған бірегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды.    

3.Өсімдіктерді қорғау  саласындағы  мемлекеттік саясатты іске асыру.

4.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің күріш егілетін аймақтарда мамандандырылған ауыспалы күріш егістерін сақтауына мониторинг жүргізу.

5.Суармалы  жерді   пайдалану  және  суармалы  егіншілікке  озық  технологияны енгізу бойынша  мақсатты жұмыстарды жүргізеді.

6.Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізуін қамтамасыз ету  жөніндегі жұмысты  ұйымдастырады.

7.Зиянды организмдерге қарсы фитосанитарлық шараларды жүргізетін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге консультативтік көмектер береді.

8.Аудан бойынша тұқым балансын құрастырады.

9.Жоғарғы органдарға тапсыру үшін тиісті мәліметтерді дайындайды.

10.Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру, бөлім басшысының тапсырмаларын орындау. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Ауыл шаруашылық ғылымдары мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология мамандықтары немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. 

Құжаттар қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар)2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысан қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде, «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, индекс 120600, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Құнанбаев көшесі  31 үй ғимараттың 1 қабатында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 

 

Категория: Бос жұмыс орындары
Көргендер: 145

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

06 желтоқсан 2019

Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі (Е-R-3 санаты, 1 бірлік, №01-1-4)

Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлім...

04 желтоқсан 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ВОЛЕЙБОЛДАН СПОРТ БАСҚАРМАСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ - ВОЛЕЙБОЛДАН СПОРТ БАСҚАРМАСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ!...

04 желтоқсан 2019

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ...

04 желтоқсан 2019

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ...

04 желтоқсан 2019

А.ШПЕКБАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ

А.ШПЕКБАЕВТЫҢ СЫР ӨҢІРІНЕ САПАРЫ БАРЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ» ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты