Сыр елінде қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың ІІ облыстық форумы өтті

Жарияланды: 20 желтоқсан, 2018 05:11

Сыр елінде қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың ІІ облыстық форумы өтті.

Форумға облыстағы қайырымдылық жасаушылар мен меценаттар, облыстық ҚХА құрылымдары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді мүшелері, жас кәсіпкерлер, басқарма қызметкерлері, қалалық және аудандық кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – Сыр өңіріндегі қайырымдылық жасаушы меценаттар мен кәсіпкерлерді, жалпы жомарт жандарды қолдау және олардың бірлесуіне жәрдемдесу.   

Туған жердің көркеюіне үлес қосып жүрген жомарт жандар жыл санап көбейіп келеді. Түрлі әлеуметтік жобаларға қатысқан меценаттар саны бүгінде 113-ке жетті. Олардың қолдауымен 798 қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылып, 24 794 адамға 270 млн 809 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.  

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты аймақта жыл басынан 185 ауқымды іс-шара өткізіліп, жергілікті бюджеттен 602 млн 900 мың теңге бөлінді. Меценаттар мен кәсіпорындардың демеушілігімен 12 млрд 730 млн теңге көлемінде қаржы жұмсалды.

Облыс бойынша 21 нысан салынып, 20 нысан қайта жөндеуден өтті. Шалғайдағы ауылдық округтерінде демеушілердің қолдауымен 3 медициналық пункт пайдалануға беріліп, 6 спорт алаңы мен кешендер бой көтерді.

«Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы аясында өткен форумда жаны жомарт 8 азамат облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.

Игі іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 89

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Макпал | Енгізілді: 26 желтоқсан 2018 12:13

Саламатсыздарма!Ауданымызда осындай жомарт ағаларымыз барына куанамыз алғысымыз шексіз.Осы ағама өтінішім бар еді мен А.Токмағанбетов ауылы туғынымын жасым 32 де,3баланың анасымын менің жұмықа тұруыма қол ұшынсозыңызшы аға! 87074066752

Ответить

Сырдария ауданы әкімдігі | Енгізілді: 8 қаңтар 2019 6:31

Сіз өз өтінішіңізде тұрақты жұмысқа орналастыруды сұраған болатынсыз.
Осыған байланысты аудан әкімі тарапынан өтініште көрсетілген мән-жайларды қолданыстағы заңдылыққа сәйкес зерттей келе, Сіздің Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес Сырдария ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жұмыс іздеуші ретінде тіркелмегендігіңіз анықталды.
Осыған орай, Сырдария ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына (Сырдария ауданы, Теренөзек кенті, А.Иманов көшесі, №43 мекен-жайында) орналасқан жеке куәлік пен біліміңіз туралы құжаттарымен келіп, жұмыс іздеуші ретінде тіркелуіңізді шақырамыз.
Жұмыссыздыққа тіркеу рәсімі қамтамасыз етілген жағдайда Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының талаптарына сәйкес мекемелерден бос жұмыс орындарына сұраныс келіп түскен жағдайда тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Бұдан бөлек әлеуметтік көмек алуға, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация берілетіндігін назарыңызға жеткіземіз.
Сондай-ақ «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында шағын несие алып, кәсіп ашуға мүмкіндігіңіз бар екенін хабарлаймыз.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 18 мамырдағы №134 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілдерін тіркеу бөліміне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін тиісті өтінішпен жүгінуге толық құқылысыз.
Сізге «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңына сәйкес өтінішіңіздің жауабына қанағаттанбаған жағдайда, басқа да құзырлы органдарға шағымдануға құқылы екеніңізді түсіндіреміз.

Ответить

Жаңалықтар

17 қаңтар 2019

2018 жылы атқарылған жұмыстар баяндалды

2018 жылы атқарылған жұмыстар баяндалды...

17 қаңтар 2019

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасынан ҮЗІНДІ (17.01.2019)

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссия...

17 қаңтар 2019

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасынан ҮЗІНДІ

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссия...

16 қаңтар 2019

ЖОСПАРЛАР АРТЫҒЫМЕН ОРЫНДАЛДЫ

ЖОСПАРЛАР АРТЫҒЫМЕН ОРЫНДАЛДЫ...

16 қаңтар 2019

Н.ІЛИЯСОВ АУЫЛЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Н.ІЛИЯСОВ АУЫЛЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты