СУ БАСУ ҚАУПІ ЖОҚ

Жарияланды: 08 ақпан, 2018 02:27

Облыс аумағында Сырдарияның тасуына байланысты су тасқыны қаупі жоқ, қарсы күрес жағдай қатаң бақылануда, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аймақтық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сәрмағамбетов.

Басқарманың мәліметі бойынша, 2018 жылдың 7 ақпанына Қызылорда облысының аумағына 345 м3/сек су келіп, Қызылорда су торабынан төмен қарай 320 м3/сек су босатылуда.
Солтүстік аудандарда Сырдария өзені бетінде толықтай мұз қатса, оңтүстік аудандарда мұз қату процесі күшеюде. Мұздың қалыңдығы 20 – 60 см құрайды.
«2018 жылдың 29 қаңтарында Сырдария ауданы, Қалжан Ахун ауылының оңтүстік – батыс аумағында орналасқан «Әсет» учаскесінің тұсындағы қорғаныс бөгетінің ролін атқарып тұрған «Аласиыр» каналы бөгетінің бұзылуы нәтижесінде ауыл шаруашылығы жерлеріне су жайылды.
Су жайылуға мұз астынан қалыңдығы 2-2,5 метр болатын шұғаның жүруінен кептелістер қалыптасып, су деңгейінің жоғарылауы себеп болуда.
Қазіргі таңда қорғаныс бөгеттерін нығайту шаралары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 2 мердігер мекемеден 16 бірлік техника мен 60 адам жұмылдырылуда.Аталған жағдайға байланысты Сырдария ауданы әкімдігімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануда», - деп мәлімдеді басқарма басшысы С.Сермағамбетов.
Қызылорда қаласы мен облыстың елді мекендерінде су басу қаупі жоқ. Жалпы облыс бойынша жағдай қатаң бақылауда.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 59

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

19 ақпан 2018

Тұрғындар назарына!

Тұрғындар назарына!...

19 ақпан 2018

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІНЕ КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиге көңіл айту жеделхатын жолда...

17 ақпан 2018

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТУ МЕН ЭКСПОРТТЫ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Бақытжан Сағынтаев инвестициялар тарту мен экспортты қолдау мәселелері жөнінде кеңес өткізді...

17 ақпан 2018

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Облыс орталығындағы "Евразия" спорт кешенінде ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар ме...

16 ақпан 2018

Сырдария аудандыққұрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы (Е-R-4 санаты, 1 бірлік, №14-1-1-3)

Сырдария аудандыққұрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы (Е-R-4 санаты, 1 бірлік, №1...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты