Сот жүйесіндегі жаңашылдықтардың тиімділігін халық арасында түсіндіру мақсатында кездесулер өтті

Жарияланды: 22 мамыр, 2019 12:56

Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Мөлдір Асанова арнайы іс-сапармен Сырдария, Жалағаш аудандарында болып, аудан әкімдігі мен сот ғимараттарындаТұңғыш Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының сот жүйесін одан әрі жетілдіру бөлігін орындау бағытын талқылау мақсатында көшпелі кездесу өткізді.

Іс-шараларға аудандық сот судьялары, облыстық Соттар әкімшісінің ақпараттық технологияларды және ақпараттық ресустарды қорғау бөлімінің басшысы, «Бітім» медиация орталығының директоры, аудандық прокуратура, полиция бөлімі, әділет, кірістер басқармасы басшылары мен өкілдері, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры мен мамандары, аудандық билер кеңесінің мүшелері, медиаторлар, аудан бойынша ауыл әкімдері, аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары мен мамандары қатысты.

Шараның мақсаты - сот жүйесіндегі цифрландыру мен жаңашылдықтардың негізгі бағыттары, ақпараттық технологияларды дамыту мәселесі мен қолданыстағы замануи технологиялардың пайдалану тәртіптерін түсіндіру, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы бойынша құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Кездесуде әдеп жөніндегі уәкіл Мөлдір Асанова аталмыш Жолдаудағы сот жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесіне тоқталып, сот жүйесі жұмысына енгізілген заманауи технологиялар туралы айтып өтіп, «Сот төрелігінің жеті түйіні» пилоттық жобалары аясындағы соттардағы жаңашылдықтарды таныстырды. Ол өз сөзінде «Өткен жылы Қызылорда облысы соттарында татуластыру орталықтары, фронт офистер, медиация кабиенттері ашылып, «Түнгі сот», «Виртуалды сот», «Судья көмекшілері» пилоттық жобалары аясында бірқатар жұмыстар атқарылды. Аудандарда Билер кеңесі құрылып, оларға татуласу орталығынан қызметтік бөлме ашылып жатыр. Ол жерде білікті заңгерлер халыққа тегін қызметтер көрсетеді», - деді.

Ал, облыстық Соттар әкімшісінің ақпараттық технологияларды және ақпараттық ресустарды қорғау бөлімінің басшысы Шыңғыс Аманқұлов «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде соттарда іске қосылған «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы сот процестеріне қатысу, «QR code» арқылы сот қызметтеріне қол жеткізуге бағытталған арнайы базалық топтаманы және Digital Agent қосымшаларына сот органдарының жұмысын бағалау енгізілгенін айтып, слайд арқылы пайдалану тәртібін көрсетті.

Іс-шаралар барысында Сырдария, Жалағаш аудандық соттарының төрағалары Абдрахман Абдулла, Асылхан Мизанбаев сөз сөйледі. Олар өз баяндамаларында ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойып, аталған Заң 2019 жылдың 3 ақпанында күшіне енгенін, аталған Заң аясында 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 Кодекске меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелікті дамытуға, сот жүктемесін оңтайландыруға және экономика саласындағы қылмыстарды ізгілендіруге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін атап өтті.

Сырдария ауданының медиаторы Ұлмекен Жаналиева ауыл әкімдігінің ғимараттарына орнатылған сотпен бейнеконференцбайланыс құралдары ауыл халқына жасалған игі шара болғанын айтты. «2018 жылы аудандық сот төрағасы құқық қорғау органдарының басшылары мен ардагерлер кеңесінің төрағасы және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен барлық ауылдарды аралап, ауыл тұрғындарымен кездесіп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сотсыз татуласу орталығы» пилоттық жобасын жүзеге асыруға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сол жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қазіргі таңда тұрғындар сотқа жүгінбей бірінші медиаторларға, яғни бізге келетін болған», - деді Ұ.Жаналиева. 

Шара соңында қатысушылар бас қосудан сот жүйесінде жүргізіліп жатқан жаңа технологиялар жайлы пайдалы ақпараттар алғанын жеткізіп, сот тарапынан жүргізіліп жатқан жаңашылдықтарға ризашылдықтарын білдірді.

 

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 404

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

17 қыркүйек 2019

АУДАН ӘКІМІ ЖАҢА ЫҚШАМ АУДАННЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ ЖАҢА ЫҚШАМ АУДАННЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ...

17 қыркүйек 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ...

17 қыркүйек 2019

АУДАН ӘКІМІ ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНІҢ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРІН АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНІҢ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРІН АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ...

17 қыркүйек 2019

АЙМАҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АЙМАҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты