СӘЛЕМ, АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМ

Жарияланды: 08 қыркүйек, 2017 04:35

Білім күні құр­метіне №131 Т.Қозыбаев атын­дағы орта мектепте «Сәлем, саған ал­­­тын ұя мектебім» атты салтанатты жиын болып өтті. Жаңа оқу жылының бас­та­луына орай Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Салтанатты жиынды мектеп директоры Л.Палымбетова ашып, өткен оқу жылының педагогикалық ұжым, оқушылар, ата-аналар үшін табысты болға­нын атап өтті.

 

Айтса айтқандай өткен оқу жылында мектепке аймағымызға белгілі азамат, қаһарман батыр ұл, мектеп түлегі Талғат Қозыбаевтың есімі берілді. Сондай-ақ мектеп басшысы 11 сыныпты 11 шәкірт бітіргенін, оның барлығы жоғары және арнаулы орта оқу орындарына түскенін, негізінен ҰБТ-ға 5 оқушы қатысып, олардың барлығы мемлекеттік гратты жеңіп алғандығын қуанышпен жеткізді. Сонымен қатар биылғы оқу жылында мектеп оқушыларының саны артқан. Былтыр мектеп қабырғасында 285 оқушы тәрбиеленсе, биыл олардың саны 309-ға жеткен.
ҚР Білім күніне арналған салтанатты жиынға аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов қатысып, ұстаздарды, оқушыларды, ата-аналарды мерейлі мерекемен құттықтады.
– Білімге салынған инвестицияның міндетті түрде қайтарымы болады. Аудандық бюджет 6,5 млрд, құрайтын болса, оның 4 млрд-ы білім саласына бағытталып отыр. Аудандық әкімдік, аудандық мәслихат балалардың алаңсыз білім алуына толық жағдай жасап отыр деп айтуға болады,-деді Ержан Ертарғынұлы. Мұнан соң ардагер ұстаз А.Нұртаева, кент әкімінің орынбасары А.Ұзақбаев салтанатты жиынға қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Жиынға қатысқан құрметті меймандар Қызылорда облысының «Сыр үміттері» үздік оқушылар энциклопедиясына енген 12 мектеп оқушысына арнайы дипломдарды табыс етті. Аудандық мәслихат депутаты Е.Әжікенов өз сайлаушылары ұстаздармен кездесіп, ардагер ұстаздармен бірге «Мен өз елімнің патриотымен» атты алғашқы сабаққа қатысты.
Құрбан айттың екінші күнгі мерекелік жиыннан соң аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов аудандық мешітке барып, о дүниелік болған ұстаздар Ажар, Алмат, Оқас, Пірназар, Ибрагим, Рүстем, Жолшыбек, Қадірхан, Нұрғали, София, Қыдырбай және тағы басқа ағайлар мен апайлардың рухына бағыштап құран оқытты.

Күздің алғашқы күні жас үшін де, кәрі үшін де мерейлі мереке. Өйткені, осы күні жаңа оқу жылы басталып, барлық бала алтын ұя мектебімен қауышады. Жазғы демалыстан білім ошағына қайта оралған оқушылар жан-жақты ізденістерін жалғап, білімге қанат қағады. Осындай білім күніне арналған салтанатты жиын Қалжан ахун ауылындағы №126 орта мектепте өтіп, оқушылар үшін алғашқы қоңырау соғылды.
Ағартушы ұстаз ауылындағы салтанатты шарада 11-сынып оқушылары Мемлекеттік Туды енгізіп, Мемлекеттік Гимн орындалды. Мұнан соң мектеп директоры Б.Сағындық өткен оқу жылының табысын тізбектеп, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады.
– Өткен оқу жылы сырдариялықтар үшін зор жетістік жылы болып, аудан білім көрсеткіші бойынша алдыңғы қатардан көрінді. Біздің мектеп түлектері де аудан бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізді. Былтырғы оқу жылында мектепте 216 оқушы білім алса, 10 түлек үлкен өмірге қанат қақты. Олардың үшеуі ҰБТ-ге қатысып, жоғары балл жинады. Бүгінде бәрі де жоғары оқу орындарына түсті. Сонымен қатар, мектеп оқушылары облыстық, аудандық байқауларда зор жетістіктерге жетті. Мектеп оқушысы Гаухар Мұзарапова республикалық ғылыми жобаға қатысып, біліктілігін көрсетті. Білім ошағының спортшы жастары да талай додалардан жүлдемен оралды, — деген мектеп директоры жаңа оқу жылында да 216 оқушы білім алатынын жеткізді. Оларға 44 ұстаз сапалы білім мен саналы тәрбие береді. Мектеп директоры жаңартылған білім мазмұны бойынша осы жылы ағылшын тіліне ерекше мән беретініне тоқталды. Бұған мұғалімдер дайындық курстарынан өткен.
Иісі мұсылманның Құрбан айт мерекесімен қатар келген білім салтанатында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының орынбасары М.Омаров та сөз сөйлеп, өткен оқу жылында жас түлектердің табысқа жетуінде ерекше қолдаудың көмегі болғанын атап өтті. Аудан әкімінің қолдауымен «Жалын» тынығу лагері ҰБТ-ға дайындық алаңы болғанын айтып, соның нәтижесі зор жетістікке жеткізгенін тілге тиек етті. Аудан табысты нәтижесін дәстүрлі облыстық «Тамыз» кеңесінде аймақ басшысы ерекше атап өткенін де айтып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Сондай-ақ, салтанатты шарада аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Г.Божан да құттықтау сөз сөйлеп, білімді жастар ел ертеңі екенін айтты. Салтанатты жиынға жиналғандардың құрметіне мектеп оқушысы Нұрбибі Сұлтанбекова әннен шашу шашты.
Биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын 14 оқушы аттады. Қолға гүл ұстап, сөмке арқалаған 1-сынып оқушылары бүлдіршін болып келіп, білім көкжиегіне самғамақ. Таудай болуға талпынғандарға сынып жетекшісі Райкүл Нұрманова қолдарына алғаш қалам ұстатып, жазып, сызуға баулиды, оқуға үйретеді. Негізі, 2017-2018 жаңа оқу жылында ауданда-868 бүлдіршін мектепке барды.
Білім күнінде мектеп оқушылары көптен күткен қоңырау сыңғыры естілді. Биылғы мектеп түлегі Раушанбек Тілеубаев пен 1-сынып оқушысы Анель Жорабекова алғашқы қоңырауды соғып, оқушыларға жаңа оқу жылының басталғанын білдірді. Білім ізденушілеріне еңбек ардагері Ж.Ерташов бата берді. Мұнан соң бірінші ауысым оқушылары «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбындағы ашық сабаққа қатысты.
Осындай жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиындар аудандағы барлық мектептерде болып өтті. 

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 101

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

18 қазан 2017

Cырдария аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты, 1 бірлік, №20-1-1-2)

Cырдария аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты, 1 бірлік, №20-1-...

16 қазан 2017

АУЫЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

АУЫЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ...

16 қазан 2017

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІКТЕРГЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЛОГОТИП АЙРЫҚША БЕЛГІЛЕРІ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІКТЕРГЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЛОГОТИП АЙРЫҚША БЕЛГІЛЕРІ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ...

16 қазан 2017

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты