СЕНАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Жарияланды: 05 қаңтар, 2018 10:45

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров, сенаторлар Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов жұмыс сапарымен Сырдария ауданына келіп, аудандық мәдениет үйінде аудан активімен кездесті. Кездесуді аудан әкімі Ғанибек Қазантаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов, аудан прокуроры Асхат Тәженов, аудандық сот төрағасы Абдрахман Абдулла, аудан әкімінің орынбасарлары Бақытжан Лекеров, Балшекер Өтегенова, Ерлан Ахетов, мекеме басшылары, ауданның зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, ардагерлер, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесуде ҚР Парламенті Сенатының төрағасының орынбасары Б.Бекназаров Парламентте қабылдаған заңдардың мазмұны туралы баяндама жасап, рухани жаңғыру, ұлттық құндылықтарды сақтау мен қазақ тілін латын қарпіне көшіру мәселелері кеңінен талқыланды. Сенаторлар кездесуге қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы атқарылған жұмыстар ауқымды екенін айтып, депутаттардың жұмысына сәттілік тіледі. Соғыс және еңбек ардагері Я.Тасыров халық қалаулыларына ақ батасын берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 38

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

18 қаңтар 2018

ҚЫЗЫЛОРДАРЛЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАРЛЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ...

18 қаңтар 2018

АУДАНҒА 44,2 МЛРД.ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

АУДАНҒА 44,2 МЛРД.ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ...

18 қаңтар 2018

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНДА

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНДА...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты