САЛЫҚТЫҚ ЖҮКТЕМЕНІ АЗАЙТУ – ЖАЛАҚЫСЫ ТӨМЕН АЗАМАТТАРҒА ҚОЛДАУ

Жарияланды: 13 сәуір, 2018 03:20

Бүгін Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушы Мұса Қалдарбековтің қатысуымен Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтті.
Үстіміздегі жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Президент¬тің бес әлеумет¬тік бастамасы» Үндеуіндегі екінші бастама – жалақысы төмен азаматтардың салықтық жүктемесін азайтуға бағытталды.
«Айлық жалақысы 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен төмен қызметкер үшін табыс салығының мөлшері 10 есеге азайтылатын болады. Және бұл тәртіп 2019 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енуі керек», - деді Президент.
- Биылғы жылға айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 2405 теңгені құрайтынын ескерсек, бұл талап 60125 теңгеге дейінгі мөлшерде жалақы алатындарға қатысты болмақ. Мысалы: 50 мың теңге жалақы алатын қызметкердің жалақысынан ұсталатын табыс салығы, қазіргі кезде, салық салынбайтын табысын және шегерімдерін қоса есептегенде, 1672 теңгені құрап отыр, келесі жылы ол 167 теңгеге тең болады. Елбасының бұл бастамасы, ең алдымен, жалақысы төмен  азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталған. Ал олардың үлесі барлық жұмыс жасап жүргендердің үштен бір бөлігін құрап отыр.Сонымен қатар, бұл шара «конверт» арқылы жалақы төлеу әдісін жоюға әсер етеді, яғни жалдамалы жұмысшыларының көлемін жасыру арқылы салықтан жалтарушыларды «көлеңкеден» шығаруға және өз шаруашылығы арқылы табыс табатындардың кәсібін заңдастыруына мүмкіндік береді. Үшінші жағынан, еңбекақының өсуі тұтынушылық шығындарды арттыруға әсер етеді, бұл өз кезегінде жергілікті экономиканы ынталандырады, - Мұса Қалдарбеков.
Осы бастама арқылы Елбасы Үкіметке «бұдан әрі қарай табыс салығының  прогрессивті өсу шкаласын ендіру бойынша жұмыс жасауды» тапсырды. Қазақстанда халықаралық стандарттар деңгейінен қарағанда жеке тұлғалардың табысына  салынатын салық төменгі мөлшерлі ставкалар қатарына жатады.  Табыс салығы мемлекеттің салық жүйесінің айтарлықтай бөлігін құрайды және әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге өзіндік ықпалы бар тетік болып саналады. Осы орайда, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесінде азаматтардың табысына салынатын салықтың прогрессивтік өсу шкаласы ұтымды шешім болып саналып келеді.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 157

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

21 қыркүйек 2018

ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ МУЗЕЙ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ МУЗЕЙ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ...

21 қыркүйек 2018

"ҮЛГІЛІ АУЫЛ" БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

«Үлгілі ауыл» байқауы өтеді...

20 қыркүйек 2018

СЫРДАРИЯЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР АСТАНА ҚАЛАСЫНА САЯХАТТАП КЕЛДІ

СЫРДАРИЯЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР АСТАНА ҚАЛАСЫНА САЯХАТТАП КЕЛДІ...

20 қыркүйек 2018

«Сырдария аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы (санаты E-R-4, 1-бірлік, №12-1-1-4)

«Сырдария аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы (санаты E-...

19 қыркүйек 2018

Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (E-G-4 санаты, №26-1-3, 1-бірлік);

Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (E-G-4 санаты, №26-1-3, 1...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты