РЕСЕЙЛІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ЕЛГЕ ОРАЛАДЫ

Жарияланды: 20 маусым, 2018 09:46

452 қызылордалық студент Мәскеу мен Санкт-Петербургтің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында Ресей Федерациясы Үкіметінің қаражаты есебінен білім алып жатыр. Алғашқы 75 бітіруші түлек шілде айында диплом алып, елге қайтып келеді. Жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселесі шешімін тапты.

Ресей университеттері түлектерін жұмыспен қамту мәселелері бойынша мәжілісті ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақта сұранысқа ие мамандарды даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтты.

«Қызылорда облысы – жыл сайын Ресей Үкіметінің гранттары есебінен жетекші техникалық университеттерде түлектерін оқытатын бірден-бір аймақ. 2014 жылдан бастап Мәскеу және Санкт-Петербургтің оқу орындарына облысымыздың 452 мектеп бітірушілері оқуға түсті. Биыл олардың алғашқы легі оқуын аяқтайды. 62 студент диплом алып, Қызылордаға қайтып келеді, ал 13 магистратураға түсіп, оқуын жалғастырмақ. 62 түлекті жұмысқа
орналастыру мәселесі де пысықталуда. Бұл балаларға үлкен үміт артып отырмыз, өйткені олар аймақтың жағдайын өзгертіп, қазіргі заманның талабына сай бәсекеге қабілетті маман болады», - деді аймақ басшысы.

Алғашқы 75 түлектің ішінде Мәскеу болат және қорытпалар институтының 13 түлегі магистратурада оқуын жалғастырса, 62 адам туған қалаға қайтып келеді. Олар – «Мәскеу болат және қорытпалар институты» ҰЗТУ (МИСиС) Санкт-Петербург өсімдік полимерлері мемлекеттік технологиялық университетінің «нанотехнология және микрожүйелі техника», «технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру», «материалтану және материалдар технологиясы», «электроника мен наноэлектроника», «металлургия», «стандарттандыру және метрология», «технологиялық машиналар мен құрал-жабдықтар», «жылу энергетика және жылу техникасы» және т.б.

Мәжіліс барысында жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма басшысының м.а. Абылайхан Сабанбаев пен индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Султангереев түлектерді жұмыспен қамту мәселесі бойынша баяндама жасады.

Қазіргі таңда студенттердің түрлі мәселелерін шешу үшін Ресейдегі қызылордалық студенттерінің «Орда» қауымдастығы құрылып, мессенджерде арнайы чат ашылды, жастар үшін облыс кәсіпорындарына экскурсиялар мен жұмыс берушілермен бейресми кездесулер ұйымдастырылды.

Өңірдің бірқатар кәсіпорны түлектерді жұмысқа қабылдауға дайын. Олардың басшылары жиын барысында оны растады. Мәселен, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясы 11 жас маманды жұмысқа қабылдамақ, «Гежуба Шиелі Цемент» 8 адам алуға ниет білдірді, сондай-ақ, «СКЗ - U» ЖШС, Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауыты, «Кристалл менеджмент» ЖШС, «Абзал және К» ТС, «Қызылорда жарығы» холдингі және өзге де компаниялар қызығушылық білдірді.

Облыс әкімі мамандардың баспана мәселесін де шешіп беруді тапсырды.

Одан бөлек, жыл соңына дейін аймақта 4 ірі кәсіпорын (шыны, молибден және 2 цемент зауыттары мен балық өндеу цехы) іске қосылады. Ринат Султангереевтің айтуынша, бұл кәсіпорындарда жергілікті колледждердің «химия», «энергетика», «стандарттандыру», «материалтану», «автоматтандыру» мамандықтары бойынша 650 жуық түлегі жұмыспен қамтылатын болады. Мәселен, цемент зауытында 200 адам, оның ішінде қазіргі таңда Қытайда оқып жатқан Шиелі индустриялық аграрлық колледжінің 46 түлегі жұмыс істейтін болады.

Мәжілісті қорытындылай келе, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жауапты мемлекеттік органдарға студенттерді өңірдің өндірістік компаниялардағы бос жұмыс орындары туралы уақытылы хабардар етуді тапсырып, жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жеке жауапкершілік жүктелгенін ескертті.

Естеріңізге салайық, 2014 жылдан бастап Мәскеу болат және қорытпалар институты, Санкт-Петербург өсімдік полимерлері мемлекеттік технологиялық университеті, К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті мен И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті қызылордалық түлектерді аймаққа қажетті мамандықтар бойынша оқыту үшін гранттарды бөліп келеді.

Одан бөлек, сырбойылық жастарды Қазан қаласындағы «Иннополис» университетінде оқыту туралы келісім жасалды, «Сколково» инновациялық орталығымен әріптестік орнату жоспарлануда.

Атап өтейік, биылдан бастап қызылордалық жастар үшін «Киберқауіпсіздік» және «Математикалық процестерді модельдеу» мамандықтары бойныша М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистратурасына 20 грант бөлінетін болады.

Сондай-ақ, жыл сайын облыс әкімінің гранттары есебінен 100 жуық ауылдық жердегі аз қамтылған отбасылардан абитуриенттер білім алып жатыр, қазіргі таңда грант иелерінің саны 700 жуық. Биылғы жылы грант санын 200-ге жеткізіліп, оның 70 пайызы ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтарға бағытталатын болады.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 49

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

19 шілде 2018

АУДАНДЫҚ СОТТА ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

АУДАНДЫҚ СОТТА ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ...

19 шілде 2018

ДЕПУТАТТАР АУДАН ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

ДЕПУТАТТАР АУДАН ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ...

18 шілде 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ 70% «ІТ» МАМАНДЫҚТАРҒА БӨЛІНЕТІН БОЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ 70% «ІТ» МАМАНДЫҚТАРҒА БӨЛІНЕТІН БОЛАДЫ...

18 шілде 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША 37 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША 37 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ...

18 шілде 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 228 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 228 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты