Президенттік жастар кадрлық резерві

Жарияланды: 28 қазан, 2019 11:48

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлықтау рәсімінде жастарға, оның ішінде жас мамандарға үлкен сенім артатынын айтып, Президенттік жастар кадрлық резервін құру туралы тапсырма бергені барша халықтың есінде.

Оған қоса, ел Президенті Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауында «арнайы дайындығы бар жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту» қажеттігін ескертті.

Осы орайда, Президенттік жастар кадрлық резервіне өткізіліп жатқан іріктеу сол тапсырмалардың іске асырылуының нақты айғағы десек болады. Себебі, Резерв дарынды, қызметіне адал, тәжірибелі жастар үшін жоғары лауазымдарға тағайындалу үшін ашық және тиімді әлеуметтік саты болмақ.

«Жастар жылындағы» жағымды жаңалықтардың бірі болған Президенттік жастар кадрлық резерві жөнінде өзімнің ойларыммен бөліссем, біріншіден, Резервке үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптардың қолжетімділігі қуантады. Себебі, әрбір 35 жасқа дейінгі азаматтың 5 жылдық еңбек стажы бар. Оның болмауы мүмкін емес. Яғни, жастардың басым көпшілігіне өзінің бақтарын сынап көруге мүмкіндік туып отыр.

Екіншіден, үміткерлердің санына шектеудің қойылмауы. Үшіншіден, іріктеуге қатысудың шығын талап етпеуінде.

Себебі, іріктеудің көптеген кезеңдері онлайн түрде өткізіледі.

Сөзімді қорытындылай келе,Президенттік жастар кадрлық резерві көзінде оты бар, жүрегі елім деп соғатын жалынды жастарды іріктеп, олардың кәсіби және тұлғалық тұрғыда дамуына үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.

 Ғ.ОРАЛОВ  (Аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы)

 

Баршаңызға белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстанда Президенттік жастар кадр резерві жасақталуда. 1 қыркүйектен іріктеу басталды. - Бұл креативті, ынта-жігері мол жастар үшін зор мүмкіндік.

 

Себебі, мемлекеттің өзі халықтың, қоғамның мүддесіне қызмет етуге жаралған.
         Президенттік жастар кадр резерві талантты жастарға арналған тиімді әлеуметтік лифт. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде, ұлттық компанияларда, мемлекеттік кәсіпорындарда мансаптық өсу үшін бірегей мүмкіндік береді. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға вакансия болған жағдайда, президенттік кадр резервіне қатысушылар осы лауазымдарға үміткерлердің алдыңғы қатарында болмақ.

Бір сөзбен айтқанда, олар еліміздің болашақ элитасы.               

Бұл жерде тамыр-таныстық жүрмейді, өзінің жеке қасиетімен ерекшеленетіндер ғана іріктеліп алынады. Қазақстанда бұндай жастар көп, сондықтан бәсекелестік жоғары болмақ. Президенттік резервке іріктеу рәсімінің өзі - үлкен сын, үміткерлерге өзінің қасиеттерін, мүмкіндіктерін ашып, тануға көмектеседі.

Сондықтан, талабы таудай жастарға айтар кеңесім: күштеріңді сынап, таланттарыңды ашыңдар, көшбасшылыққа қабілетті екендіктеріңді дәлелдеңдер.

 М.ОМАРОВ  (Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы)

 

Президенттік жастар кадрлық резервін құру қажеттігін президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында атап өткен болатын. 

Сол кезде Мемлекет басшысы резервтің жастар үшін тиімді әлеуметтік лифтіге айналуы тиіс екенін айтқан еді. Іріктеуге түрлі салалардың өкілдері, түрлі кәсіп иелері қатыса алады. Олар міндетті түрде мемлекеттік қызметкер болуы шарт емес, квазимемлекеттік сектор, жекеменшік сектор, азаматтық қоғам өкілдері бола алады. 

Бұл «Жастар жылы» аясында білімді әрі дарынды отансүйгіш жастарымызға берілген айрықша мүмкіндік, нақты қолдау. Білімі және біліктілігі сәйкес тәжірибелі жас азаматтар үшін ашық және тиімді әлеуметтік саты яғни «қызметтік лифт».

«Президенттік жастар кадрлық резерві» еліміздің жоғары саяси истеблишментіне білімді де дарынды жас буынның келуіне жол ашады.

Ұлттық комиссияның елегінен өтіп, Мемлекет басшысының кадрлық қорына енген жастардың елімізге адал қызмет етіп, Қазақстанның дамуына тың серпін қосатынына сенімім мол.

 Ұ.БАЙДАУЛЕТОВ (Мемлекеттік қызмет саласының ардагері)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 125

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

20 қараша 2019

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖЕКЕ...

20 қараша 2019

КЕЗЕКТІ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

КЕЗЕКТІ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ ӨТТІ...

19 қараша 2019

Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады

Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ...

19 қараша 2019

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алу қажеттілігін еске салады

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алу қажеттілігін еске салады ...

19 қараша 2019

Бес сұрақ айдары

Бес сұрақ айдары...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты