ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Жарияланды: 04 желтоқсан, 2019 07:54

Aудан әкімі Р.Рүстемов «Заманауи мектеп: құндылықтар мен өзгерістер» тақырыбындағы педагогикалық идеялар фестивалінің пленарлық мәжілісіне қатысты. Фестиваль аудандық білім бөлімі мен республикалық «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру институтының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 25-29 қараша аралығында негізгі пәндер бойынша №35, 36 мектеп-лицейлер және №210 орта мектеп базаларында өтті. Фестивальдің негізгі мақсаты аудандағы мектеп директорлары мен ұстаздардың инновациялық тәжірибесін зерделеу, жаңартылған білім беру бағдарламасының озық идеяларын оқу үдерісіне енгізу, оқыту әдістемесі мен критериалды бағалау жүйесін жетілдіру және сабақты жоспарлау мен талдаудың ортақ тәсілдерін ұсыну және жас педагогтарға психологиялық-педагогикалық қолдау болып табылады. Жалпы фестивальға 530 мұғалім қатысып, жұмыс жасады. Пленарлық мәжілісте озық тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдер «Өрлеу» БАҰО-ның грамоталарымен марапатталды.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 153

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты