ПАРТИЯ ҚАТАРЫ ЖАҢА МҮШЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Жарияланды: 05 наурыз, 2018 04:23

«Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалында ұйымның құрылғанына 19 жыл толуына және «Ризашылық күні» мерекесіне  арналған салтанатты жиын болып өтті.
    Облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев «Нұр Отандықтарды» мерекемен құттықтады.
    «Нұр Отан» партиясы алғашқы құрылған күннен бастап тың бастамалар көтеріп, жауапты шешімдер қабылдауға ұйытқы болып қана қоймай, елмен етене қайнасып, халықтың мүддесін қорғайтын бірден-бір қоғамдық ұйымға айналды. «Нұр Отан» бүгінде  өзін халықтық партия екенін сөзбен ғана емес, тындырымды ісімен де дәлелдеп келеді. Сондықтан біз алдағы уақытта да ел игілі үшін аянбай еңбек етуіміз қажет», - деді аймақ басшысы.
    Дәл осы күні «Нұр Отан» партиясына қабылданған 11 адам партия билеттерін алып, партияның 9 белсенді мүшесіне облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
    Білім беру саласының ардагері, «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі Гүлнар Уәлиева барлық қатысушыларды Партия күнімен және Ризашылық күні мерекесімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
    Партияның жаңа мүшелерінің атынан «Жалағаш жаршысы» газетінің бас редакторы Нағымжан Сауяев және Байқоңыр аудандық іскерлік палатасының кеңесшісі Асылхан Жолашов сөз сөйледі.
    Сондай-ақ, салтанатты жиын барысында партияның белсендісі, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің оқытушысы Марат Сүгірбай партиясының әнұраны саналатын «Елім менің» әнін орындады.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 248

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

14 желтоқсан 2018

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ...

14 желтоқсан 2018

АУДАНДЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

АУДАНДЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ...

13 желтоқсан 2018

Тереңөзекте сән салоны ашылды

Тереңөзекте сән салоны ашылды...

12 желтоқсан 2018

ҚЫЗЫЛОРДАДАҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДАҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты