ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Жарияланды: 14 қыркүйек, 2017 05:36

Жақында «Достық үйінде» аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Мәңгілік елдің – бір тұтас отбасылары» атты әр түрлі этнос өкілдерімен кездесу өткізілді. Шараға өзге ұлт өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Шараның мақсаты ұлттық отбасы күнін кең көлемде атап өтіп, отбасы құндылығын ұғындыру екені анық. Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтай отырып, отбасы тәжірибесін насихаттау болып табылады. Кездесуді кітапханашы Л.Серікбаева ашып, отбасы құндылықтары насихатталып, ондағы ата-ана рөлі, әке мен бала, ана мен қыз бала арасындағы қарым-қатынас туралы айтылды. Шешен ұлтының өкілі Л.Махмурзаева, татар ұлтының өкілі Ш.Кошкарова, корей ұлтының өкілдері М.Кан мен А.Кан, орыс ұлтының өкілдері О.Потолова, С.Князевалар сөз алып, қазақ жерінде тұрақтап қалған кездерден бастап, осыған дейінгі уақытта татулықты, бірлікті отбасы мүшелерімен қатар сақтап келе жатқандарын әңгімелеріне арқау етті. Жалпы жанұядағы ауызбірліктің сақталуы үйдің үлкендеріне байланысты. Сондай-ақ кездесуге қатысушылар ел көлемінде жасалып жатқан жұмыстарға өз көзқарастарын білдіріп, пікірлерін айтты.
Аудан тұрғындары арасында тек жарасымды қарым-қатынас орната білген қонақтарға қазіргі таңда қазақ ұлтымен сыйластықтары артып, екі жақты құда-жекжат болып жатқандарын қуана айтты. Кездесу соңында отбасы жайлы мағлұматтар беріліп, қонақтарға сыйлықтар табысталды. 

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 210

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

15 желтоқсан 2017

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Бүгін Сырдария аудандық мәдениет үйінде «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мемлекеттік мерекесіне ора...

14 желтоқсан 2017

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ...

14 желтоқсан 2017

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ...

14 желтоқсан 2017

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ

«16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай Сырдария аудандық балалар кітапханасының және «Жыр...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты