Орталық кітапханадағы арнайы көрме

Жарияланды: 24 қаңтар, 2020 10:45

Сырдария аудандық орталық кітапханада ел тарихындағы елеулі оқиғаларды халық назарына ұсынып,өз оқырмандары арасында кеңінен насихаттау мақсатында әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фарабидің туғанына – 1150 жыл толуына орай «Әл-Фараби кемеңгерліктің ұлы тұлғасы», қазақ мемлекеттілігінің бастауы саналатын Алтын Орданың – 750 жылдығына «Қазақ даласы –Алтын Орда бесігі», қазақтың бас ақыны, ұлы Абайдың туғанына – 175 жыл толуына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты кітап көрмелері жыл басында ұйымдастырылды.
Оқырмандарға мекеме басшысы Г.Нұржакиева қазақтың көркем ойы мен өлеңінің реформаторы, жаңа замандағы жазба әдебиетінің жол ашушысы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырып, ақынның өнегелі өмір жолымен, құлақтан кіріп бойды алған тамаша лирикасымен, ғибратқа толы қара сөздерімен, орыс әдебиетіндегі орны жайлы, қазақ зиялыларының ғұлама туралы жазған жүрек жарды лебіздеріне тоқталды. Сонымен қатарұлы ақынның еңбектері жыл бойына кезең-кезеңімен халық назарына ұсынылып, түрлі мәдени шаралар арқылы кеңінен насихатталатынын айтты.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 74

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты