ОН ЖЫЛДЫҚТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАБЫЛДАНБАҚ

Жарияланды: 04 ақпан, 2019 05:42

Биыл «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толады. Айтулы датаға орай Елордада осы айдың аяғына таман партияның кезекті ХVIII съезі өтеді. Әрине, бұл отырыста жаңа бастамалар көтерілетіні белгілі. Оған қоса, осы жылдар ішінде күрделі экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдайларды назарда ұстап, өзінің іс-қимыл бағдарламасында басты мақсат ретінде халықтың әл-ауқатын арттыруды белгілеп, бұлжытпай орындап келе жатқан партия алдағы 10 жылдыққа арналған бағдарламасын қабылдайды. Бүгінде аталмыш бағдарлама қызу талқыланып жатыр. Осыған байланысты аудандық емханада жиын өтіп, оған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып қатысты.

Аудандық партия филиалына қарасты «РБ Тереңөзек» бастауыш партия ұйымының жиналысында жетекші партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының негізгі ережелері талқыланып, партияның аудандық филиалының конференциясына делегаттар сайланды. Сондай-ақ, өткенге көз жүгіртіп, 20 жыл ішіндегі жұмыстар сараланды. Оған «РБ Тереңөзек» бастауыш партия ұйымының төрайымы, аудандық аурухананың бас дәрігері Н.Мырзағалиева тоқталды.

– Өткенге көз жүгіртсек, партиямыздың тарихы 1998 жылдың 21 қазанында «Қазақстан Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау көрсету үшін құрылған қоғамдық штабтан бастау алды. Араға бір жыл салып қоғамдық қозғалыс саяси партияға айналып, «Отан» республикалық саяси партиясы деп аталған болатын. Міне, бүгінде Елбасы төрағалық ететін «Нұр Отан» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде даму барысы дараланған, биіктігімен бағаланған партияға айналды. Сондықтан іргелі ұйымның пәрменді ісін күн санап арттырмасақ, артқа шегінуге жол жоқ, – деді бас дәрігер.

Сондай-ақ, өз сөзінде бастауыш ұйым төрайымы аурухана жетістіктерін айтып өтті. Мәселен, өткен жылы аудандық орталық ауруханада қабылдау бөлімшесі, ауданаралық оңалту, ауданаралық паллиативті көмек көрсету бөлімшесі, гинекология және ІІ деңгейдегі перзентхана секілді 5 бөлімше ашылған. Соның негізінде, халық денсаулығын нығайту жұмыстары жүйеге келген. Білімді дәрігер қатары толығып, көрсеткіш 95%-ға жетіп отыр.

Жиын барысында аталмыш бағдарлама талқыланып, «РБ Тереңөзек» бастауыш партия ұйымының мүшелері ондағы мәселелерді толық қолдайтындықтарын білдірді. Ақ халатты абзал жандар медицина қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі мен әлеуметтік жағдайы бағдарламада қамтылса деген ұсыныстарын да жеткізді. Бұған қатысты «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып пікір білдіріп, жетекші партия бағдарламасында барлық сала назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

Бастауыш партия жиынында партия белсенділеріне «Алғыс хат» пен партия құрамына кірген азаматтарға партиялық билет табыс етілді.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 158

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

18 сәуір 2019

ҚЫЗЫЛОРДАДА "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХІХ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗІНІҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ САЙЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХІХ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗІНІҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ САЙЛАНДЫ...

18 сәуір 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ...

12 сәуір 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫ ӨТТІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫ ӨТТІ...

11 сәуір 2019

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕСТЕРІ КӨП

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕСТЕРІ КӨП...

10 сәуір 2019

ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАЙМЫЗ

ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАЙМЫЗ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты