ОБЛЫС ӘКІМІ ҰСТАЗДАРДЫ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жарияланды: 02 қазан, 2017 05:47

Мұғалімдер күніне орай А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Елбасының қолдауы мен Сыр ұстаздары еңбегінің арқасында білім беруде қол жеткізген табыстарымыз аз емес. Қазіргі таңда үш ауысымды және апатты мектептер бізде жоқ. Мектепке дейінгі білім берумен 3-6 жас аралығындағы балаларды 100 пайыз қамтыдық. Білікті де білімді ұстаздардың тынбай ізденуінің арқасында шәкірттеріміз республикалық, халықаралық деңгейдегі білім бәсекелерінде алдыңғы қатардан көрініп жүр. Мектеп бітіруші түлектер алыс-жақын шет мемлекеттерде, Ресей Федерациясы және еліміздегі алдынғы қатарлы жоғарғы оқу орындары мен колледждеріне оқуға түсіп, білім алуда. Бүгінге дейін 400-ге жуық бала Ресейде білім алып жүрсе, биыл 62 түлек оқуға түсті. Сонымен бірге, биыл облыс әкімінің грантымен 162 бала жоғары оқу орнына, 20 бала резидентурада оқуға мүмкіндік алды. Осы жылы мектеп бітірген түлектердің 97 пайызы оқу орындарына түсті», - деді аймақ басшысы құттықтау сөзінде.
Аймағымыздың үздік педагогтарына ҚР Білім және ғылым министрлігі және облыс әкімінің марапаттары мен алғыс хаттары табысталды.
Осы күні, сондай-ақ, жаңашыл мұғалімдердің облыс әкімімен дәстүрлі кездесуі өтті.
Аймағымыздың 35 жаңашыл ұстазы өз жұмыстары туралы айтып, жоспарларымен бөлісті.
Өңір басшысы кездесуге келген ұстаздарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
Анықтама үшін: облыста жалпы орта білім беретін мектептердегі мұғалімдер саны 20 409 болса, оның 92 пайызы жоғары білімді, 46,3 пайызы бірінші және жоғары санатты педагогтар.  

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 50

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

18 қазан 2017

Cырдария аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты, 1 бірлік, №20-1-1-2)

Cырдария аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты, 1 бірлік, №20-1-...

16 қазан 2017

АУЫЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

АУЫЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ...

16 қазан 2017

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІКТЕРГЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЛОГОТИП АЙРЫҚША БЕЛГІЛЕРІ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІКТЕРГЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЛОГОТИП АЙРЫҚША БЕЛГІЛЕРІ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ...

16 қазан 2017

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты