«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ӘЗІРБАЙЖАНДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫН БАҚЫЛАДЫ

Жарияланды: 12 сәуір, 2018 03:09

11 сәуірдегі Әзірбайжанда өткен президент сайлауына Қазақстаннан 35 халықаралық бақылаушы қатысты. ТМД бақылаушылары Миссиясы құрамындағы «Нұр Отан» партиясының өкілдері елдегі – Баку, Гянджа, Нахичевань қалаларындағы сайлау учаскелерінде болды. Жалпы бағалау бойынша, сайлау жоғары ұйымдастырылған деңгейде өтті, бақылаушылар сайлау комиссиялары жұмысының мөлдірлігін атап өтті.

Жұмыс сапары барысында «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Қаныбек Жұмашевтің елдегі «Yeni Azerbaycan» жетекші партиясының басшылығы – партияның атқарушы хатшысының орынбасары Мубариз Гурбанлы оглы және партияның халықаралық бөлімінің жетекшісі, Әзірбайжан Республикасы Милли Межилисінің депутаты Севинж Фаталиевамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар екі жақты серіктестік пен партиялық тәжірибе алмасу қажеттілігі туралы пікір алмасты. Әсіресе, тараптар екі партияның жастар қанатының арасындағы қарым-қатынасты дамытуға ерекше назар аударды. «Yeni Azerbaycan» атқарушы партиясының орынбасары Мубариз Гурбанлы оглы кездесу барысында алдағы келе жатқан ел ордасы Астананың 20 жылдық мерекесімен Қазақстан Республикасын құттықтады. Туысқан қазақ халқының одан әрі гүлденіп, бейбітшілік аспанының астында өркендей беруін тіледі. Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Қ.Жұмашев партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың атынан «Yeni Azerbaycan» жетекші партиясының делегациясын Қазақстан Республикасына ресми сапармен келуге шақырды.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 97

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

19 шілде 2018

АУДАНДЫҚ СОТТА ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

АУДАНДЫҚ СОТТА ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ...

19 шілде 2018

ДЕПУТАТТАР АУДАН ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

ДЕПУТАТТАР АУДАН ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ...

18 шілде 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ 70% «ІТ» МАМАНДЫҚТАРҒА БӨЛІНЕТІН БОЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ 70% «ІТ» МАМАНДЫҚТАРҒА БӨЛІНЕТІН БОЛАДЫ...

18 шілде 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША 37 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША 37 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ...

18 шілде 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 228 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 228 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты