"НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ ЖОЛДАУДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫН БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТЕДІ

Жарияланды: 15 қазан, 2018 04:04

Сырдария ауданында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау және саяси маңызды құжаттан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жиын өтті.

Жиынға «Нұр Отан» Партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, «Нұр Отан» Партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары, Қоғамдық кеңес төрағалары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, кәсіпкерлер, жастар өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Жиынды Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев ашып, жүргізіп отырды.

«Бүгінгі жиын Мемлекет басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша алдағы міндеттерді айқындауға арналуда. Мемлекет басшысы Жолдауда бизнесті өркендетудің маңыздылығын ерекше атап өтіп, қазақстандықтардың басым бөлігін табыспен қамтамасыз етуде оның тиімділігінің зор екенін айтты. Аймақ басшысы биылғы жылды өңірде «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланған болатын. Осы жұмыстардың оң нәтиже беруіне орай 2018-2020 жылдарды өңірімізде жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы деп қайта жарияланды. Осы ретте, жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны бойынша жыл басынан бері өңірлер арасында Қызылорда облысы көш бастап тұр. Тиісінше Сырдария ауданында да жоспарлы жұмыстар жоғары деңгейде жүзеге асуда. Елбасы айқындап берген бастамалар ауданымызда сапалы, уақытылы іске асырылатын болады»,-деді аудан басшысы.

Жиын барысында «Нұр Отан» Партиясы Төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев сөз сөйлеп, Қазақстан Президентінің Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне тың серпін бергенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының Жолдауы әрбір азаматтың өмір сапасын арттыруға бағытталып отыр. Жолдаудың талаптарын орындау – баршамыздың міндетіміз. Бұл Жолдау - болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Президент осы мақсатқа жетуде бүкіл қоғамның бірлігі мен ынтымағы керек екендігін де баса айтты. Бұл істе бекем бірлігіміз бен тату тірлігімізді көрсете алсақ, еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болары сөзсіз»,-деді Мәулен Сағатханұлы.

Жиында әр саланың өкілдері Жолдауға қатысты пікірлерін білдірді. Олардың қатарында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбенов, «Шаған-Жер» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты Бердібек Қадыров, білім саласының ардагері Ұлмекен Жаналиева, жас маман Айдана Жәкиева ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын айтты.

Жиналыс қорытындысында аудан әкімі Ғанибек Қазантаев әріптестерін Елбасының алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға шақырды.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
Сырдария ауданы әкімінің
баспасөз хатшысы–
аудан әкімі аппаратының аударма
ісі жөніндегі редакторы.

#Қызылордаоблысы
#Сырдарияауданы
#Жолдау

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 65

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты