Н.ІЛИЯСОВ АУЫЛЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ ШЕШІЛГЕН

Жарияланды: 19 қыркүйек, 2017 10:14

Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов ауылының негізгі тіршілік көзі – күріш шаруашылығы. Осыдан 15 жыл бұрын бір шаруашылыққа біріккен ауылдағы ағайынның тірлігі өрге басты. Кезінде мың гектарға егілген Сыр маржаны биыл 4 жарым мың гектарға себілді. Шаруа қожалығының қырманы астыққа толғалы ауылдың көркі келбетті. Мектеп, Мәдениет үйі толық жаңғыртылды. Қараусыз қалған нысандарда мейрамхана, сауда орталығы ашылды. Алыстан көз тартатын спорт кешені және мешіт салынды.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ауыл әкімдігінің ғимараты пайдалануға беріліп отыр. Отанды сүю айналаңды ардақтаудан басталады деген тәмсілді терең түйсінген кәсіпкер Абзал Ерәлиев соңғы 10 шақты жыл ішінде ауылын гүлдендіруге 4 млрд теңге қаржы бағыттаған.
Абзал Ерәлиев, Қазақстанның Еңбек Ері:
– Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері осы ауылдың тарихында қиын кезеңдер болды. Соңғы 10 шақты жылдың көлемінде өзіміздің тапқан табысымыздың бір бөлігін ауылды жөндеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарына салып келе жатырмыз. Жалпы осы Нағи Ілиясов ауылын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына жылына кем дегенде 100 млн теңге қаражат салынып отыр. Тағы өзімізге қарасты Бесарық ауылына жылда 40-50 млн теңге қаражат салынады. Тақтайдай тегіс жол, жарық шамдар, саялы бақ ауылдың бүгінгі әлеуетін айқындап тұр. Мұнда жұмыссыз адам атымен жоқ. Қолға алынған жоба-жоспардың барлығы қоғамдық кеңестің талқысынан өткесін барып, іске асады.
Нұрмағанбет Қуандықов, Н.Ілиясов ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы:
– Қоғамдық кеңес осы ауылдағы барлық мәселелерді шешуге атсалысып отырамыз. Құрылысты пайдаланатын халық, игілігін көретін халық. Сондықтан салынатын құрылыстар болсын, күрделі жөндеу жұмыстары болсын назар аударып отырамыз.
Кеңесбек Баймаханов, ауыл тұрғыны:
– Әйел адам болсын, ер адам болсын ешқандай жұмыссыздық жоқ. Кім не істегісі келеді, барлық жұмыстың түрі табылып тұр. Егін еккісі келсе де, техника айдағысы келсе де жұмыс бар. Жас маман Абай Амантайұлы Ресейдің күрішті өлкесі Краснодардағы ауыл шаруашылығы университетін тәмамдап келіп отыр. Агроғылымға деген ынтасын мектеп жасынан байқатқан Абайды «Абзал және К» толық серіктестігі өз қаражатымен оқытты. Елге келген агроном енді егіннің өнімділігін артттыруға ниетті.
Абай Амантайұлы, агроном:
– Тұқым шаруашылығы болғаннан кейін басқа сорттардың араласып кетпеуін қадағалап, ауыл шаруашылығы мамандарының қатарына қосылып, жұмыс жасап жатырмын. 4 жыл бойында алған білімімді осы ауылдың гүлденуіне, жандануына атсалысатын боламын. Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ерәлиев басқаратын серіктестік есебінен ауылдағы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың тұрғын үйлері түгел жөндеп берілген. Елдің ықыласына бөленген азамат қазір де егінді жинап алумен қатар, жаңа әлеуметтік маңызы бар нысандар салудың нобайын ойластырып жүр.

 

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 80

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

18 қазан 2017

Cырдария аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты, 1 бірлік, №20-1-1-2)

Cырдария аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты, 1 бірлік, №20-1-...

16 қазан 2017

АУЫЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

АУЫЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ...

16 қазан 2017

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІКТЕРГЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЛОГОТИП АЙРЫҚША БЕЛГІЛЕРІ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІКТЕРГЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЛОГОТИП АЙРЫҚША БЕЛГІЛЕРІ ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ...

16 қазан 2017

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛЕТІН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты