ӨНЕРПАЗ БАЛАЛАР ӘН ШЫРҚАДЫ

Жарияланды: 08 қыркүйек, 2017 04:26

«Айдарлы ауылдық клубы» МКҚ кәсіпор­нының ұйымдасты­руы­мен Қазақстан Республика­сының Конституциясы күні — Ата заң аясында Айдарлы ауылының 6-14 жас балаларының арасында «Бал бөбегім, ән шырқа!» атты ән байқауы өткізілді.

Ән байқауы ереже бойынша 6-9 жас және 10-14 жас болып екі топ бойынша өткізілді. Байқауға қатысушы талапкерлер арнайы құрылған қазылар алқасының алдынан іріктеліп, байқауға қатысуға 9 талапкер жолдама алды. 6-9 жас тобынан іріктеуден өткен 4 бала байқау кезінде еркін тақырыпта жанды дауыста өз өнерлерін көрсетіп, сарапқа салды. Қазылар алқасының шешімі бойынша 6-9 жас балалар тобынан бас жүлдені Нұрланқызы Айнура, І орын Омарша Торғын, ІІ орын Мейрамбек Мадияр және ІІІ орынды Жамбылқызы Гүлназ иеленді. 10-14 жас тобындағы балалар патриоттық тақырыпта әндерді жанды дауыста орындап, жүлделерді өзара бөліске салды. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Ыдырыс Қарақат жеңіп алды. Ал бірінші орынды Қали Қарақат алса, екінші орынды Ермахан Әділет иеленді. Сондай-ақ, үшінші орын Қалдыбай Дәулет пен Амантай Гүлімге бұйырды. 

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 102

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

18 қазан 2017

Cырдария аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты, 1 бірлік, №20-1-1-2)

Cырдария аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты, 1 бірлік, №20-1-...

16 қазан 2017

АУЫЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

АУЫЛ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты