МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Жарияланды: 05 қаңтар, 2018 10:43

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары жұмыс сапарымен Сырдария ауданында болды. Депутаттар ең алдымен Ақжарма ауылдық округіндегі "Ақжарма және К" шаруа қожалығының күріш ақтау зауытымен және "Ақжарма Инвест" өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. Сонымен бірге, "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автожолының бойынан ашылған "Нұрлы жол" сервистік кешенін аралап көрді. Жұмыс сапары барысында халық қалаулылары Тереңөзек кентіндегі "Достық үйінде" болып, ауданда жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдардың тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында ашылған "Еңбек даңқы" мұражайын аралап, аудан тарихынан сыр шертетін бірегей орталықтағы жәдігерлер жөнінде мәліметтерге қанықты. Мұнан кейін аудандық емхананың мәжіліс залында емхана ұжымымен кездесу өтті. Кездесуді аудан әкімі Ғанибек Қазантаев ашып, жүргізіп отырды. Мемлекеттік бағдарламалардың ауданда жүйелі жүзеге асып жатқанын айтқан аудан басшысы атқарылған жұмыстарды баяндады. Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қ.Сұлтанов, Б.Ізмұхамбедов, А.Тасболатов, Б.Кесебаева, А.Ералиев, М.Ерман, Г.Шиповских Парламентте талқыланған Заң жобалары жөнінде мағлұмат берді. Стратегиялық бағдарламалардың орындалу барысын түсіндіріп, егемен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды екенін жеткізді. Жиын соңында денсаулық сақтау саласында 36 жылдан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан жоғары санатты дәрігер Т.Раманқұл депуттарға емхана ұжымының атынан алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Кездесуден кейін халық қалаулылары аудан орталығындағы "Әлеуметтік дүкен" жұмысымен танысып, аудан әкімдігінің бастамасымен ұтымды үйлестірілген жұмысқа жоғары баға берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 347

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

14 желтоқсан 2018

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ...

14 желтоқсан 2018

АУДАНДЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

АУДАНДЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ...

13 желтоқсан 2018

Тереңөзекте сән салоны ашылды

Тереңөзекте сән салоны ашылды...

12 желтоқсан 2018

ҚЫЗЫЛОРДАДАҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДАҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты