МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚАЛТА КІТАПШАСЫ ТАРАТЫЛДЫ

Жарияланды: 11 ақпан, 2019 04:21

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен Сырдария ауданындағы мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары топтастырылған рocketbook, яғни қалта кітапшасы таратылды.

Pocketbook – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп жасалған қалта кітапшасы.

Шағын кітапша Қазақстан Республикасы бойынша барлық мемлекеттік қызметшілерге және магистранттар, докторанттар, оқытушылар, сондай-ақ әдеп ережелерін сақтау мәселелері толғандыратын көпшілік оқырманға арналған.

Pocketbook мемлекеттік қызметшілерге әдістеме ретінде пайдалану үшін тиімді. Кітапта жұмыстан тыс уақытта, қызметтік қарым-қатынаста мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрыс мәселесі, әлеуметтік желілерде және әртүрлі жағдайларда өзін дұрыс көрсету мәселелері баяндалған.

Айта кету керек, кітапты мемлекеттік қызметшілер күнделікті жанында ұстауы тиіс. Кітапта мемлекеттік қызметшінің әдебі өте қарапайым, түсінікті мысалдармен сипатталады.

#Сырдарияауданы
#Мемлекеттікқызмет
#Pocketbook

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 40

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

21 ақпан 2019

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС, НАҚТЫ НӘТИЖЕ

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС, НАҚТЫ НӘТИЖЕ...

20 ақпан 2019

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ...

19 ақпан 2019

АБАЙДЫҢ ШКАФЫ ТЕРЕҢӨЗЕКТЕ ТҰР

АБАЙДЫҢ ШКАФЫ ТЕРЕҢӨЗЕКТЕ ТҰР...

19 ақпан 2019

ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ

ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ...

19 ақпан 2019

Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, (E-R-4 санаты, №16-1-2, 1-бірлік)

Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, (E-R-4 санаты, №16-1-2, 1-бірлік) ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты