МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАРДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ 300 МЛРД.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫНЫ ҮНЕМДЕУГЕ МҮМКІНДІК БЕРДІ

Жарияланды: 12 ақпан, 2019 04:55

Цифрландыру есебінен қосымша 100 млрд астам теңге қаражат алынды. Тексерулердің сапасын арттыру қоса есептелген сомаларды өндіріп алудың өсімін 35%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Cоның нәтижесінде тексерістер есебінен бюджетке қосымша 45 млрд теңге түсті. Бұл туралы және жалпы қаржы секторын цифрландыру туралы Үкіметтің баспасөз орталығында ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов айтып берді.

Бүгінде мемлекеттік сатып алулар және сатып алулар кезіндегі барлық рәсімдерге камералық бақылау жүргізу толығымен автоматтандырылған. Бұл айқындық пен ашықтықты арттырды, сондай-ақ сатып алулардағы бәсекелестік ортаны айтарлықтай кеңейтті.

«Көп жағдайда мемлекеттік сатып алуларды цифрландыру, олардың бизнеске қолжетімділігі және жоғары бәсекелестіктің арқасында мемлекеттік сатып алулар бойынша үнем 311 млрд теңгені құрады», — деді Ә. Смайылов.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Қаржы министрлігі толығымен цифрлық форматқа көшуде. Жаңа ақпараттық жүйелерді құру және қолданыстағыларын дамыту және жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осылайша, министрлік өткен жылы жаңа маңызды ақпараттық жүйелерді іске қосты, атап айтсақ: «Астана-1» — кедендік декларацияларды рәсімдеу уақытын 1 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді; тауардың импорт немесе өндірілу сәтінен бастап тауардың бөлшек саудасына немесе экспортына дейін өткізілуін бақылау процесін автоматтандыруды көздейтін «Электрондық шот-фактуралар».

Бұған қоса, салық және кеден жүйелерін интеграциялау арқылы тауарлар қозғалысының толық қадағалануын қамтамасыз ету жолында жұмыстар орындалып жатыр. Осы жылдан бастап мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесі іске қосылды. ҚР Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, ол бюджетті қалыптастыру кезінде қағаздағы құжат айналымын шектеуге мүмкіндік береді.

Жоспарлы түсімдердің артығымен орындалуына мүмкіндік берген басты құралдардың бірі — салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, нәтижесі — 410 млрд астам теңге. Цифрландыру есебінен қосымша 100 млрд теңгеден астам қаражат алынды. Тексерулердің сапасын арттыру қоса есептелген сомаларды өндіріп алудың өсімін 35%-ға арттыруға мүмкіндік берді. Соның әтижесінде тексеру есебінен бюджетке қосымша 45 млрд теңге түсті.

Министрдің айтуынша, 2019 жылы Қаржы министрлігінің барлық бизнес-процестерін толықтай цифрландыру және ақпараттық жүйелерді біріктіру жұмыстары жалғасатын болады. Жалпы алғанда цифрландыру салықтық және кедендік әкімшілендіру бойынша, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және т.б. қатысты кең ауқымды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 234

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

21 тамыз 2019

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасынан ҮЗІНДІ (21.08.2019)

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссия...

20 тамыз 2019

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ СЫР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН АЛҒЫС АЙТТЫ

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ СЫР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН АЛҒЫС АЙТТЫ...

20 тамыз 2019

2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ...

19 тамыз 2019

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛГЕН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖӘНЕ ӘҢГІМЕЛЕСУДІ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛГЕН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖӘНЕ ӘҢГІМЕЛЕСУДІ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ...

16 тамыз 2019

«Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы («Е-G-3» санаты, 1 бірлік, индекс №20-1-3).

«Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы («Е-G-3» санаты,...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты