МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ

Жарияланды: 25 мамыр, 2019 11:17

Сырдария ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің бастамасымен бос жұмыс орындары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңесі өтті.

Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы А.Мұхимов қатысып, сөз сөйледі.

– Бәрімізге белгілі, қазіргі таңда мемлекеттік қызмет жүйесі жетілдірілуде. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру, ашықтықты қамтамасыз ету және халыққа сапалы қызмет көрсету – мемлекеттік қызмет саласының басым бағыттарының бірі. Бүгін Сырдария ауданында бос жұмыс орындарының және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілуде. Бұл іс-шараның басты мақсаты – қызмет алушыларға кеңес беру, «Е-гов» жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ауқымын кеңейту болып табылады. Іс-шара барысында аудан бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме мамандары тегін кеңес беріп, тұрғындар сұрақтарына жауап береді,- деді Департамент басшысы.

Айта кету керек, бос жұмыс орындары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңесі бұған дейін де бірнеше рет ұйымдастырылған болатын.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 90

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

24 маусым 2019

АҚЫН АУЫЛЫНЫҢ АЖАРЫ

АҚЫН АУЫЛЫНЫҢ АЖАРЫ...

24 маусым 2019

Жақұттай жарқыраған жауһар жырлар

Жақұттай жарқыраған жауһар жырлар...

18 маусым 2019

СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ...

17 маусым 2019

САЛА МАМАНДАРЫ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТА БАҚ СЫНАДЫ

САЛА МАМАНДАРЫ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТА БАҚ СЫНАДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты