МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН БАЛАЛАРДЫҢ СУРЕТІ БЕЙНЕЛЕНГЕН ТАҚТАЙША ОРНАТЫЛДЫ

Жарияланды: 27 қыркүйек, 2019 10:29

 Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің алдына балалардың суреті бейнеленген арнайы тақтайша орнатылды.

Үлкен қалаларда қолданысқа енгізіліп, тиімділігі дәлелденген бұл жұмысқа бүгінде тұрғындар жақсы баға беруде.

Айта кету керек, арнайы тақтайша орнату жөніндегі бастаманы аудан әкімі Руслан Рүстемов көтеріп, аудандық білім бөліміне тапсырма берілген болатын. Аталған тапсырма негізінде кенттің Аманкелді Иманов көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолының қасына белгіше орнатылды.

Алдағы уақытта балалардың суреті бейнеленген тақтайшаларды аудандағы барлық білім беру мекемелерінің алдына орнату жұмыстары жүргізілмек. Өйткені, балалардың қауіпсіздігі – басты назарда.

– Жаяу жүргіншілер жолын көрмей қалған автокөлік иелері балалардың суреті бейнеленген тақтайшаны көріп, жылдамдықтарын азайтады. Бұл балалардың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көп септігін тигізуде. Бүгінде аудандық полиция бөлімінің тапсырмасымен балалар сабаққа келетін және сабақтан қайтатын уақытта жаяу жүргіншілер жолында кезекшілікте тұрып, автокөлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде,- дейді құқық қорғау саласының қызметкері Бауыржан Әбләзиев.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 34

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты