ӘМБЕБАП КОНТЕЙНЕРЛЕР ОРНАТЫЛУДА

Жарияланды: 09 қаңтар, 2018 06:47

Дамыған елдердің озық отыздығына ұмтылған мемлекетімізде қоқысты сұрыптау жұмыстары қолға алынған. Мұның тиімділігі зор. Өйткені, күнделікті тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қаттысын бөлек, тамақ қалдықтарын бөлек жинағанда оны қайта өңдеуге қолайлы болмақ. Ең бастысы, адам өміріне қауіп әкелетін әйнек сынықтары, химиялық қоспалары бар заттардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмек. Осы орайда, Тереңөзек кенті орталығындағы тазалық орындарына қызғылт сары түсті әмбебап контейнерлер орнатылды.
Әлемдік тәжірибені алып қарасақ, дамыған елдердің көбісі тұрмыстық қалдықтарды табыс көзіне айналдырған. Бұл, бір жағынан, тазалықтың сақталуына септігін тигізсе, екінші жағынан, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, үшіншіден, әлеуметтік жауапты іс. Жалпы, қоқысты қайта өңдеу қоршаған ортаның ластығынан сақтайды, адам денсаулығына кері әсерін тигізбейді. Осыған байланысты орнатылған құрамында сынабы бар шамдар мен химиялық қорек көздеріне арналған әмбебап контейнерлер тынысымыздың тарылмауына септігін тигізбек. Себебі, сынабы бар шамдардан абай болған жөн. Сондай-ақ, химиялық қоспалары бар қоқыстар да қауіпті. Мамандардың айтуына қарағанда, бөлмені жарықтандыруға арналған люминесценттік шамның құрамында 2-5 мг сынап болады екен. Оның булары иіссіз, ал адам оны көп мөлшерде ауамен жұтса, денсаулыққа зиянын тигізеді. Пайдаланылып болған шамдар залалсыздандыруға жіберілуі тиіс.
Тазалық орындарындағы әмбебап контейнерлердің Тереңөзек кентінде 35-і орнатылған. Кент көшелерінде тұрған әмбебап контейнерлер құлыптаулы. Ондағы сөрелер шамдардың көлеміне қарай шақталған. Сызықтық люминесцентті шамдарды салуға 1200 және 600 мм-ге дейінгі қақпақтары бар. Одан бөлек, мұнда химиялық қуат көздері үшін батарейкалар, аккумуляторлар, шағын люминесцентті шамдар мен сынапты термометрлер қалдығын қалдыруға болады. Бір ескертетін жәйт, қызық көріп контейнерді ашып көруге болмайды. Өйткені, оның ішіндегі лампалар мен аккумуляторлар бүлінсе, ауаға тарап, көпшілікке қатер төндіреді. Сондықтан тек ұқыптылықпен қарап, тұрмыстық қоқыстарды сұрыптап, өмірімізге қауіп келтіретін қалдықтарды әмбебап контейнерлерге салуымыз қажет.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 266

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

14 желтоқсан 2018

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ...

14 желтоқсан 2018

АУДАНДЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

АУДАНДЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ...

13 желтоқсан 2018

Тереңөзекте сән салоны ашылды

Тереңөзекте сән салоны ашылды...

12 желтоқсан 2018

ҚЫЗЫЛОРДАДАҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДАҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты