ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

Жарияланды: 28 желтоқсан, 2018 05:15

Сырдария ауданында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Өзгерістерді өзіңнен баста" кіші бағдарламасы аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті.

Спорттық іс-шараны аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі жастар арасында сыбайлас жемқорлықпен күрес ауқымын кеңейту, ұлттық спорт түрлерін насихаттап, саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырды.

«Асыл қазына» тақырыбында өткен спорт бәсекесіне ауданның Сәкен Сейфуллин және Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округінің жастары қатысты. Олар арқан тарту, асық ату, гір тасын көтеру және аударыспақ секілді ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты.

Сайыс соңында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Ғ.Оралов сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, болдырмауға жастарү үлес қосу керек екенін айтты. Сонымен бірге, жеңіске жеткен жастарды марапаттап, диплом мен алқалар табыстады.

Сайыста жақсы қырынан танылған спортшыларға да арнайы Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар берілді.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 295

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

24 маусым 2019

АҚЫН АУЫЛЫНЫҢ АЖАРЫ

АҚЫН АУЫЛЫНЫҢ АЖАРЫ...

24 маусым 2019

Жақұттай жарқыраған жауһар жырлар

Жақұттай жарқыраған жауһар жырлар...

18 маусым 2019

СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

СЫРДАРИЯЛЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ...

17 маусым 2019

САЛА МАМАНДАРЫ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТА БАҚ СЫНАДЫ

САЛА МАМАНДАРЫ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТА БАҚ СЫНАДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты