"ҰЛТ КЕЛЕШЕГІ – ДӘСТҮРЛІ ТӘРБИЕДЕ" ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жарияланды: 22 сәуір, 2019 11:15

Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, "Сырдария ауданының әйелдері" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық "Достық үйі" ғимаратында "Ұлт келешегі – дәстүрлі тәрбиеде" тақырыбнда кездесу өтті.

Дөңгелек үстелге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, кент ардагерлер кеңесінің төр­ағасы М.Келдібаев, аудандық «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Жантүгелов, аудан тұрғындары, әлеуметтік сала мамандары қатысты.

Өз кезегінде «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жаналиева сөз алып, шараның маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ, білім саласының зейнеткері А.Нұртаева, №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей директорының тәрбиесі ісі жөніндегі орынбасары Л.Сағымбаева, №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Друмова аталған мәселе төңірегінде баяндама жасап, көпшілікке түсіндірді. Тәрбиенің дұрыс бағытта берілуі турасында жиналғандар өз ойларын ортаға салып, пікір айтты.

Дөңгелек үстел басына жиналған жұртшылық қоғамдағы тәрбиенің дәстүр сабақтастығымен байланысы жайында ашып айтты.

Бірі заманауи бағытты ұстану арқылы ертеден келе жатқан дәстүріміз құндылығын жою үстінде десе, кейбірі тәрбиенің зор мәнін әр отбасы мүшесіне дастарқан басында ұғындырудың маңыздылығы жоғары деп есептейді.

Сонымен қатар қазіргі жастарға ұмыт болған салт-дәстүрді түсіндіру арқылы тұрмыста қолданысқа енгізу керектігі басты назарға қойылды. Біршама дәстүрлі тәрбиенің тетіктерін айтқан олар кейбір қазақы ғұрыпқа сай емес қысаң әдеттен арылуға шақырды. Әрбір адамның бойында ұлттық менталитеттің бөлшегі болғанда ғана дәстүрлі тәрбиені қалыптастыра аламыз.

Шараның маңыздылығын аша түскен сан түрлі бағыттағы салт-дәстүр тетігі қоғам азаматтарының мызғымас ұстанымына айналуы тиіс.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 200

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

21 тамыз 2019

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасынан ҮЗІНДІ (21.08.2019)

«Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссия...

20 тамыз 2019

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ СЫР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН АЛҒЫС АЙТТЫ

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ СЫР ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТКЕНІ ҮШІН АЛҒЫС АЙТТЫ...

20 тамыз 2019

2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ...

19 тамыз 2019

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛГЕН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖӘНЕ ӘҢГІМЕЛЕСУДІ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ

ӘҢГІМЕЛЕСУГЕ ЖІБЕРІЛГЕН КАНДИДАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ ЖӘНЕ ӘҢГІМЕЛЕСУДІ ӨТКІЗУ КЕСТЕСІ...

16 тамыз 2019

«Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы («Е-G-3» санаты, 1 бірлік, индекс №20-1-3).

«Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы («Е-G-3» санаты,...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты