«ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН» АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ

Жарияланды: 04 желтоқсан, 2019 07:52

 «ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН» АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН ТОЛЫҚТЫ

Халық жағдайының жақсаруына ауданда атқарылып жатқан игі істер қатары көп. Оның ішінде, әлеуметтің әлеуетін арттыруға жан-жақты демеу көрсетілуде. Соның бір айғағы – аудан орталығындағы «Әлеуметтік дүкен». Мұның игілігін қазіргі таңда көп балалы отбасылар, тұрмысы төмен жанұялар көріп келеді. Содан бергі уақытта халыққа үлестірілетін негізгі азық-түлік нарықтағы бағадан 30 пайыз жеңілдікпен, ал 7 және одан да көп балалары бар отбасыларына 50 пайыздық жеңілдікпен босатылады.
«Әлеуметтік дүкенге» жергілікті жеке кәсіпкерлер, шаруашылық төрағалары, одан бөлек, мұнай компаниялары, жомарт жандар демеушілік жасайды. Негізгі азық-түлік ұн, ет, күріш, қант және күнбағыс майын алып беріп, көпшіліктің алғысына бөленуде. Жалпы, дүкеннің жылдық қоры жасақталып, тұтынушылары ай сайынғы азықпен қамтылып отырады. Осы орайда, бүгін «Әлеуметтік дүкен» қоры азық-түлікпен толықты. «ТұзкөлМұнайГаз Оперейтинг» ЖШС қайырымдылық жасап, аудан тұрғындарына көмегін жеткізді. Атап айтқанда, серіктестік өкілдері 2 тонна бірінші сортты ұн, 2 тонна қант және 855 литр күнбағыс майын әкеліп түсірді. Алдағы уақытта тиісті мөлшерде және тиімді бағада тұтынушыларға үлестірілетін болады.
«Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің», - дейді халық даналығы. Әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін танытқан «ТұзкөлМұнайГаз Оперейтинг» ЖШС-нің ұжымына ризашылығымызды білдіріп, қызметіне табыс тілейміз.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 138

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты