«ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ»

Жарияланды: 14 қыркүйек, 2017 04:54

Бүгін Студенттер сарайында «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында идеологиялық актив жиыны өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов жүргізіп отырды.
Шараның мақсаты - латын әліпбиіне көшудің негізгі мәселелерін қоғам өкілдерімен талдау, әліпбиге байланысты өзгерістерді халыққа түсінікті тілде жеткізу. Жиынға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, облыстық мәслихат депутаттары, филолог-ғалымдар, мемлекеттік қызметшілер, білім беру саласының мамандары, үкіметтік емес және жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Айта кету керек, латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты облыста жұмысшы топ құрылып, ҚР Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктеріне ұсыныстар жолданды.
«Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңіндегі жаңа белеске қадам басқалы тұрған латын әліпбине көшу бұл - жазуды жаңғырту, тілді жаңғырту, елді жаңғырту болмақ.
Егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тегеурінді болып, әлемдік тәжірибені игеруіміз үшін санамызға тың серпін керек. Осындай серпіліс арқылы бүкіләлемдік кеңістікке ене аламыз. Келешек ұрпақ өз кезеңінде тарихи мәселенің ұлылығын мойындайтын болады.
Ендігі жұмыс біз халық арасында аса маңызды қадамды дұрыс насихаттап, ұғынықты жеткізе білуіміз қажет. Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше», - деп облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы өз сөзін қортындылады.  

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 746

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

19 шілде 2018

АУДАНДЫҚ СОТТА ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

АУДАНДЫҚ СОТТА ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ...

19 шілде 2018

ДЕПУТАТТАР АУДАН ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

ДЕПУТАТТАР АУДАН ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ...

18 шілде 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ 70% «ІТ» МАМАНДЫҚТАРҒА БӨЛІНЕТІН БОЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ 70% «ІТ» МАМАНДЫҚТАРҒА БӨЛІНЕТІН БОЛАДЫ...

18 шілде 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША 37 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША 37 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ...

18 шілде 2018

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 228 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 228 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты