ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды: 04 қазан, 2019 04:09

 Бүгін аудан әкімі Руслан Рүстемов "Ұстаздар күні" мерекесіне орай былтырғы оқу жылы барысында жақсы жетістіктерді бағындырып, шәкірт тәрбиелеу ісінде аянбай еңбек етіп келе жатқан ұстаздар қауымын қабылдап, құрмет көрсетті.

Аудан әкімінің мерекелік қабылдауына сондай-ақ, ардагер ұстаздар, аудан әкімінің орынбасары, аудандық білім бөлімінің басшысы және білім және ғылым қызметкерлері аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Мерекелік қабылдауда аудан басшысы мәртебелі мамандық иелерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап, жауапкершілігі зор қызметте жарқын жетістіктер тіледі.

– Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын, тәлім-тәрбие беретін ұстазға құрмет көрсету – біздің міндетіміз. Мектеп – жас ұрпақ нәр алатын бастау болса, мұғалім – тәуелсіздікке тірек болар сол бастаудың басты тұлғасы. Ұлы педагог Ыбырай Алтынсаринше айтсақ, мұғалім – мектептің жүрегі. Қазіргі кезең білімдінің заманы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік алған алғашқы жылы "Келешекке кемел біліммен" деген ұранды ортаға тастады. Соның негізінде биік белестерді бағындырып, отандық білім беру жүйесі қарыштап дамыды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында мұғалім мәртебесін көтеруге, жас ұрпаққа сапалы білім беруге ерекше мән берді. Ұстаздарға білім беру сапасын арттыра отырып, оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беруді міндеттеген ел Президенті алдымызға нақты мақсаттар қойды. Бүгінде ауданымызда үш ауысымды және апатты мектептер жоқ. Тәуелсіздік алған жылдардан бері аудан бойынша 6 мектеп пен 2 балабақша салынып, пайдалануға берілді. Мұның бәрі ел егемендігінің жемісі және Тәуелсіз Қазақ елінің жарқын жетістіктері,- деген аудан басшысы ауданның білім беру саласы жоғары белестерден көріне беретініне сенім білдірді.

Мерекелік қабылдауда ардагер-ұстаз, "Қаз ССР халық ағарту ісінің озық қызметері", "СССР халық ағарту ісінің озық қызметкері" төсбелгілерінің иегері Бисенкүл Бакирова сөз сөйлеп, руханияттың шамшырағы, білім мен ғылымның жанашыры болып саналатын ұстаздарға құрмет көрсеткен аудан басшысына шынайы ризашылығын білдірді. Әріптестерін мерекемен құттықтап, еңбекте жеміс тіледі.

Салтанатты басқосуда аудан әкімі Руслан Рүстемов ұлағатты ұстаздарға "Алғыс хат" және естелік сыйлықтар табыс етті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 44

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты