КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Жарияланды: 06 ақпан, 2018 02:39

Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, 2017 жылдың наурыз айында облыста жаппай кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында Өңірлік бірыңғай «Жол картасы» әзірленді.

Аталған «Жол картасының» басты мақсаты Үкіметтік және өңірлік бағдарламаларды біріктіріп, оны тиімді пайдалану және бағдарламалар шеңберіндегі қаражаттарды ауылдық елді-мекендердің азаматтарына қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Сондай-ақ, Өңірлік бірыңғай «Жол картаға» сәйкес дамымаған салаларды дамыту мақсатында Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен қала және ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлік субъектілері үшін 18 типтік бизнес-жоспарлар (шаштараз, ¬нау¬байхана, балабақша, монша, азық-түлік дүкені, азық-түлік емес дүкені, аяқ киім жөндеу, тігін цехы, техникалық қызмет көрсету орталығы, кондитерлік, сувенирлік өнімдер өндірісі, шеберхана цехы, полиграфиялық қызмет, өсімдік, мал, құс, ара шаруашылықтары және балық аулау мен қақтау) әзірленді.
Сонымен қоса, аталған «Жол картасында» мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттер алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қадамдық іс-әрекеті мен мемлекеттік қолдау шараларын алу механизмдері жасалынды.
Тіркелген кәсіпкерлік субъектілері туралы барлық мәліметтер облыс әкімдігінің  Ахуалдық орталығы дерекқорына тұрақты түрде енгізіліп отырады. «Жол картасын» іске асыруды бастағаннан бері облыста 5 152 жеке кәсіпкер, 163 шаруа қожалығы және 471 заңды тұлға құрылды.
Кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасы бойынша рұқсатнама құжаттарын беру, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қатысу бойынша кеңес беру үшін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады.
2017 жылы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен 2 439 қызмет, оның ішінде 1 661 кеңесшілік қызмет, 778 рұқсатнама құжаттары және техникалық шарттарын алу мен жердің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша қызметтер көрсетілген.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға 2017 жылы барлығы 779,6 млн теңге бағытталды.
Несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін жалпы құны 9,3 млрд теңгені құрайтын 174 жоба несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 539,6 млн теңге, сондай-ақ жалпы құны 650 млн теңге болатын мемлекеттік ішінара кепілдендіру бойынша 64 жоба қолдау мақұлданды.
Жалпы құны 110 млн. теңгеге қайтарымсыз гранттар беру бойынша ауылдық елді-мекендер мен ауылдық округтерінің микробизнес субъектілерінің 114 жобасы мақұлданды.
2017 жылы «Даму-Аймақтар» өңірлік бағдарламасын іске асыру үшін облыстық бюджеттен 700 млн теңге және «Даму» қорымен 700 млн теңге қаражат бөлініп, 4 екінші деңгейлі банкке отырғызылды («Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Фортебанк» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «АТФ банк» АҚ).Отырғызылған қаражат кәсіпкерлерге 8,5 пайызбен 180 млн. теңгеге дейін 5 жылға, сондай-ақ 6 айға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігімен беріледі. Жалпы құны 1178,9 млн теңге болатын 48 жоба мақұлданды.


Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 178

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

24 мамыр 2018

ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХI СЕССИЯСЫ ӨТТІ...

23 мамыр 2018

СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ...

23 мамыр 2018

ЕЛБАСЫ V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «KADEX-2018» ҚАРУ-ЖАРАҚ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МҮЛІК КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

ЕЛБАСЫ V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «KADEX-2018» ҚАРУ-ЖАРАҚ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МҮЛІК КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты