КӘСІПКЕРЛЕРГЕ БЕРІЛГЕН ТАМАША МҮМКІНДІК

Жарияланды: 06 наурыз, 2018 04:03

Бүгінгі Мемлекет басшысының халыққа арнаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі мен үшін күтпеген жаңалық болды әрі үлкен қуаныш сыйлады.

Біріншіден, бұл бастама Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жасалды, яғни көктем мерекесі қазақстандықтар үшін жағымды жаңалықтармен басталды.

Екіншіден, көтерілген 5 мәселе де халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған. Осынысымен де құнды.

Кәсіпкерлік саласына қатысты Елбасының шағын несие беруді көбейту туралы тапсырмасы іспен айналыссам деген азаматтарға болашағы үшін сенім ұялатады деп нық айта аламын.

Біздің өңіріміз үшін бұл екі есе қуанышты жаңалық. Себебі, 2018 жыл Қызылорда облысында «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» деп жарияланды. «Бастау бизнес» жобасы бойынша облыста 1600 адамды оқыту көзделуде. Мұнан өзге, «Бизнес кеңесші» курсы аясында ең кемі 800 қызылордалық біліктілігін жетілдіретін болады.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлікпен айналысам деген азаматтар үшін жобасын қаржыландыруға бөлінетін қаржының артатындығын жеткізді. Бұл біз үшін қуанышты жаңалық.

Ғалымбек Жақсылықов,

Қызылорда облысының кәсіпкерлік палатасы директоры.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 171

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Жаңалықтар

21 маусым 2018

ЦИФРЛАНДЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ

ЦИФРЛАНДЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ...

20 маусым 2018

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ» ЖАРЛЫҚҚА ЖАРИЯ ТҮРДЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері тура...

20 маусым 2018

РЕСЕЙЛІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ЕЛГЕ ОРАЛАДЫ

РЕСЕЙЛІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТҮЛЕКТЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ЕЛГЕ ОРАЛАДЫ...

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты