ІҢКӘРДАРИЯ АУЫЛЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Жарияланды: 20 қаңтар, 2020 20:14

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес бүгін Іңкәрдария ауылдық округінде есеп беру жиыны өтті.
Есеп беру жиынына облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ш.Қойшыбаев, облыстық мәслихат депутаттары Ж.Нұрымбетов, Р.Есенов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Есеп беру жиынында Сырдария ауданының әкімі Р.Рүстемұлы 2019 жылы ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстардың есебін беріп, барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізілгенін атап өтті.
Есеп беру жиынында Іңкәрдария ауылының әкімі С.Есдәулетов пен ауылдық учаскелік полиция инспекторы Н.Жапбасбаевтың 2019 жылы атқарған жұмыстарының есебі мен алдағы уақытта жүзеге асыратын жоспарлары тыңдалды.
Есеп беру жиынында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Сырлыбаев сөз сөйлеп, атқарушы билік өкілдерінің есебіне оң бағасын берді.

Категория: Аймақтың жаңалығы
Көргендер: 60

Қайта оралу

Пікірлер

Пікір қалдыру

Сауал

Пожалуйста, оцените наш сайт

Перед Вами несколько вопросов, которые помогут нам улучшить работу нашего сайта, сделать его удобнее и полезнее.

Сіздің сайтқа бағаныз


Дауыс беруРезультаты